Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Ал оны ұрпаққа аманат етіп насихаттау баршаға ортақ міндет. Дәл осы мақсатта қырғыз елінде тарихи телеэкспедиция ұйымдастырылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ірі жобаларды жүзеге асырып жүрген “Айғақ” телеарнасының түсірілім тобы Күшілік хан жатқан мекенге барды. Тарихты тереңінен қаузап, көрермен назарына ұсыну — басты мақсат. Күшілік хан — ілім-білімді меңгерген, сауатты, әскери әдіс-айласы тың көшбасшы болған. Ұзақ жылдар ел тәуелсіздігі үшін күрес жүргізген.
Тарихи деректерде Шыңғыс ханның батысқа жылжуын жиырма шақты жылға жуық тежегені туралы жиі айтылады. Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аймағында Алай мен Памир тауларының баурайында мәңгілік мекенін тапқан. Бүгінде бұл маңда Күшілік ханның отыз екінші ұрпағы қоныстанған.
Табиғаты тамаша тау баурайында өз ісін жандандырып отыр. Ерте кезеңнен хандарды жасырын, іздеген адамның табуы қиын құпия мекендерге жерлеген екен. Бұл Қырғызстандағы құпия жерлердің бірі.
Делегациялық топ құрамында «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті- Қайрат Мусин, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қайырымдылық қорының Президенті — Сәдібек Түгел, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Құрмет» , «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстан Журналистика академиясының академигі — Дулат Әбіш, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Шымкент қаласы филиалы жетекшісінің орынбасары — Бегалы Рысбеков, тарих ғылымдарының докторы, профессор – Ахмет Тоқтабай, Семей қаласы М.Қозыбаев атындағы Тарихи зерттеулер ғылыми орталығының жетекші маманы, тарихшы – Мұхаметбек Асылбеков және имам – Қайсар Орал бар.
«Ұлы бабалар ізімен…» Қазақстаннан арнайы барған делегация мүшелеріне қырғыз ағайындар ерекше құрмет көрсетті. Бұл бауырлас, тарихы тамырлас қос елдің байланысының одан әрі беки түсуіне ықпал етті.
Айғақ-ақпарат