• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЖ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАРАМАҒЫНА БЕРІЛЕДІ

24.07.2021
0

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жарлыққа сәйкес ІІМ-нің тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер толығымен Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Бұған дейін ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы отандық пенитенциарлық жүйенің жағдайын жақсарту қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық реформаларының негізгі басымдықтары, бірінші кезекте, адам құқықтарын сақтау мен қорғауды, сотталғандарды ұстаудың жағдайларын жақсартуды, пенитенциарлық инфрақұрылымды жаңғыртуды айқындады. – ІІМ-н тән емес функциялардан босату және пенитенциарлық жүйені жаңғырту жөніндегі реформа шеңберінде сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функцияларын Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру зерттеудің, диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы әдістеріне кеңінен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ медицина қызметкерлері мекемелердің әкімшілігіне тәуелді болмайды, бұл болуы мүмкін заңсыз әрекеттерді жасыруды жояды, – деп атап өтті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. ҚАЖ медициналық қамтамасыз ету жүйесі қызметтер ресурстары, сапасы және бақылау тұрғысынан азаматтық сектордың медициналық қызмет көрсетумен тең жағдайда емес екенін атап өткен жөн. Негізгі проблема – медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі, бұл ретте ҚАЖ мекемелерінің медицина қызметкерлерінің жалақысы денсаулық сақтаудың азаматтық секторындағы медицина қызметкерлерінің жалақысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Сондай-ақ, азаматтық денсаулық сақтау саласында айтарлықтай материалдық-техникалық база және практикалық тәжірибесі мол білікті медицина мамандары бар. Осыған байланысты, Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссия ІІМ-нің ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру туралы ұсынысын қолдады. Бұл шара бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды медициналық қамтамасыз етуді халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде халықаралық сарапшылар мен құқық қорғаушылар ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесін реформалау аясында жасаған кезекті қадамын жоғары бағалады. – Ұйымның Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ-ның ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, сотталғандар қоғамда бар медициналық-санитарлық қызмет көрсету стандарттарымен қамтамасыз етілуі керек. Сондықтан, күзетпен ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету функцияларын азаматтық ведомствоға беру – бұл шын мәнінде Қазақстандағы маңызды тарихи оқиға, – деп Орталық Азиядағы PRI Өкілдігінің басшысы Жанна Назарова атап өтіп, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің пенитенциарлық жүйе саласындағы жұмысын ерекше бағалады. Анықтама ретінде: ҚАЖ жүйесінде барлығы 65 медициналық бөлім, 15 денсаулық сақтау пункті және штат саны 1 600-ге жуық медициналық персоналы бар 6 аурухана жұмыс істейді.

Дереккөз – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі @ Көшіру кезінде дереккөз сілтемесін пайдаланыңыз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.