• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ШҚО-ДА ЗЕЙНОЛЛА СӘНІКТІҢ АТЫНА КӨШЕ БЕРІЛДІ

23.07.2021
0

Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында  жазушы, ғалым, этнограф Зейнолла Сәніктің өмірі мен шығармашылығына арналған мәдени-рухани шара болып өтті. Төрт күнге жалғасқан шараның ұйымдастырушысы – “Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры”.

Әуелі, ғалымның атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі болды. Онда белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, Зейнолла Сәнік туралы естеліктерімен бөлісті.Ал, Үржар ауданының әкімі Нұржан Тілеужанұлы сол көшеде тұратынын айтып, қор басшылығына ризашылығын білдірді.

Нұржан Тілеужанұлы, Үржар ауданының әкімі:

—Бүгін қасиетті Үржар жерінде үлкен қуаныш. Белгілі жазушы, этнограф, тарихшы, баспагер Зейнолла Мүбаракұлы атындағы көшені салтанатты түрде ашайын деп отырмыз. Мен өзімді осы көшеде тұрып жатқаныма бақыттымын деп есептеймін.

Бүгінгі іс-шараға атамыздың атындағы қордың жанашырлары, ұйымдастырушылары келіп отыр.Белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдерімен, ағамыздың жұбайы Шәмшәбану апайымыз да келді.

“Адам бойындағы жақсы қасиет ананың ақ сүтімен, әкенің қанымен, тәрбиесімен келеді” дейді. Сондықтан ағамыздың ұлы Қанат бауырымыздың өткізіп жатқан іс-шаралары бүгінгі күні тек Үржар ауданында емес, облыс, республика көлемінде жалғасын тауып жатыр. Өзі кәсіпкер болса да, мәдениетке, ғылымға, әдебиетке, өнер, спорт саласына да көңіл бөліп, қолдау білдіріп келеді. Үш жылдың ішінде қор талай игі шараларды істеді. Ауданда қандай қиын жағдай болса да Қанат бауырымыз басы-қасынан табылады. Мәселен, былтырғы індет кезінде қор басшылығы көп көмегін тигізді. Бүгінгі іс – шара да сол игі істердің жалғасы деп білемін,- деді.

Ал, көшені салтанатты ашу рәсіміне аудан әкімі Нұржан Тілеужанұлы, жазушы, этнограф Зейнеп Ахметова, ақын Жүрсін Ерман, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі күйші, композитор Секен Тұрысбеков қатысты.

 Зейнеп Ахметова, жазушы, этнограф:

—Құрметті халайық, қанша өңірге барып жүрсем де, қасеитті Үржар ауданына алғаш рет қадам басып отырмын. Дәм бұйырып өздеріңізбен дидарласып отыруыма Зейнолла ағаның қасиетті әруағы себеп болған шығар.

Зейнолла ағамыз бір ғажап адам болды. Бетінен нұры төгіліп тұратын, өзінің табиғи Алладан берілген керемет бекзаттығымен айналасын өзіне тартып тұратын. Бір жағынан қарасаңыздар, біздің ол кісіге ешқандай туыстық жақындығымыз жоқ. Бірақ, біз бір туғаннан артық болып кеттік. Ағаның баласы Қанат — Бақытжан екеуміздің өкіл баламыз. Күні бүгінге дейін Момышұлы отбасы мен ағаның отбасы ешбір жібін үзбей араласып келеді.

Кез-келген жетістікке жеткен ер азаматтың артында әйелі тұрады. Сол ағаның жарқырауына үлкен еңбегі сіңген, өзі де керемет ақын, ұстаз Шәмшәбану тәтемізге ұзақ ғұмыр тілеймін. Адам ұрпағымен мың жасайды десек, бұл жағынан Зейнола ағам бақытты десем болады.

Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы:

—Осы жерде ауданның әкімі Нұржан Тілеужанұлы “Мен сол Сәнік көшесінде тұрамын” деп мақтанышпен айтқанына куә болдым. Өте бір даңғыл, жақсы көше екен. Болашақ көшесімен ұласып жатуының символдық мәні бар деп есептеймін.

Шығыс өңірінде Қайрақбай күйші деген болған. Қайрақбай күйші арғы бетте қалғанда, бергі беттегілерге оның үзіліп-үзіліп күйлері жеткен. Сол мұраларды жарқыратып шығарған, көптеген тарихи тұлғаларды елге танытқан Зейнолла ағамыздың еңбегі зор.

Біз осындай тұлғаларымызбен қуануымыз керек, мақтануымыз керек. Зейнолла Сәнік атындағы көшенің тұрғындары бақытты, игілікті бола берсін!

Одан соң, іс-шара Үржар мәдениет үйінде аудан өнерпаздарының шағын концертімен жалғасты. Сонымен қатар, “Зейнолла Сәнік атындағы қордың” ұйытқы болуымен жарық көрген “Барқытбел баурайындағы жыр” жинағының тұсаукесері өтті. Аталған жинаққа өңірдегі талантты ақындардың туындылары топтастырылған.

Сондай-ақ, “Зейнолла Сәнік қоры” өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен айтыс жанашыры Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына орай, республикалық айтыс өткізді.

Жыр додасының қорытындысы бойынша, айтысқа қатысқан 10 ақынның төртеуіне ынталандыру сыйылығы табысталды. Олар: Қазірет Бердіхан, Ерлан Аманқожа, Марат Ахметов, Айсәуле Бейсенхан.

3 орынның жүлдесі 3 ақынға бұйырды: Ерлан Дәулет, Мейірбек Сұлтанхан, Нұрлан Есенқұлов. Ал, 2 орынды — Серік Қуанған, 1 орынды  Қанат Мырзахан еншіледі.

Айтыстың бас жүлде иегері – Мұхтар Ниязов болды. Ол  “Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры” тағайындаған 1 миллион теңгенің иесі атанды.

Сонымен қатар, қордың қаржыландыруымен осы іс-шараға қатысқан барлық қонақтарға Алакөлде 5 күндік демалыс ұйымдастырылды.

Осы шараладың өтуіне ұйытқы болған “Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры” туралы аз-кем айта кетсек…

2018 жылы құрылған қор үш жыл ішінде әдебиет, мәдениет, өнер, спорт, ғылым, баспасөз бен жастарды қолдау, әлеуметтік көмек көрсету сынды әралуан салаларда үлкен еңбек етіп келеді.

Мәселен, 2018 жылы қор демеушілігімен – филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегеновтың біртұтас қазақ әдебиеті қытайдағы және атажұртқа оралған ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы зерттеу монографиясы халыққа жетті. Сәуір мен мамыр айларында Астана,  Семей қалаларында Зейнолла Сәніктің 15 томдығының таныстырылымы мен ғылыми бағыттағы басқосу өтті. Әдебиеттанушы Жолдасбек Мәмбетовтың “Зейнолла Сәніктің шығармашылық мұрасы” монографиясы жарық көрді.

Қор демеушілігімен “Ділмар” шешендік өнер байқауы екі мәрте өтті. Абай атындағы мамандандырылған мектеп интернатымен бірлесе ұйымдастырылған өнер байқауы жас ұрпаққа тәлім мен тағылым алуына жол ашты.

Сонымен қатар, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында ақын, журналист Ырысбек Дәбейдің “Жылқы атылған жаз” кітабын көбейтіп шығаруға көмек берді.

Одан бөлек, 2019 жылы Алакөл жағасында “Ел айбыны, жыр айдыны – Алакөл” атты республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Қазан айында қордың демеушілігімен Орал қаласында “Жыр — ғибрат” батыс аймақтық жыршы – термешілер фестивалі Қадыр Мырзаәлі орталығынң қолдауымен ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қордың ұйытқы болуымен Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында халықаралық деңгейдегі бокс ұйымдастырылды.

Ал, биыл мәдениет қоры 1 млн 200 мың теңгеге “Қазақ әдебиеті”, “Жұлдыз” журналы, “Ана тілі”, “Жас қазақ” газеттерінің әрбіріне 40 данадан, “Ақжелкен” журналымен “Ұлан” газетінің әрқайсына 51 данадан Үржардағы мектептерге 1 жылға жаздырып берген.

Сонымен қатар, Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының қаржыландыруымен осы іс-шараға қатысқан барлық қонақтарға Алакөлде 5 күндік демалыс ұйымдастырды.

Айта кетейік, 2018-2021 жылдар аралығында Зейнолла Сәнік шығармашылығы бойынша, 4 өңірдегі 10 ЖОО-да 17 ғылыми еңбек: 11 магистрлік, 6 дипломдық жұмыс жазылып, қорғалған. 2 ғылыми монография, 2 естеліктер жинағы жарық көрді. Тағы бір көлемді еңбек баспаға әзірленіп жатқан көрінеді.

Abai.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.