«250+» жобасы – бұл шалғай елді мекендердегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңдікке қол жеткізіп қана қоймай, әлеуметтің барлық саласын дамытуға мүмкіндік ашады. Үш байланыс операторларының бірлескен күшімен жүзеге асатын жоба 250 тұрғыны бар ауылдық елдімекендердегі цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған. Ауыл тұрғындары үшін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобасына қатысушы ұялы операторлардың бірегейі әрі абонент саны бойынша көшбасшы Beeline компаниясы.
Суретте: Түркістан облысындағы жаңа базалық станцияның құрылысы мен монтажы
Жалпы сапалы интернетпен қамтамасыз ету — әлемді жайлаған пандемия кезеңінде маңызы жоғары. Себебі, жұмыс жасау барысы да, оқу, одан бөлек әлеуметтік қызметтер интернетпен тікелей байланысты. Әсіресе, халқы тығыз шоғырланған Түркістан облысы мен миллион тұрғыны бар Шымкент қаласында сапалы интернетпен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе. Beeline компаниясы аталмыш мәселені қолға алып, шалғай елді мекендерде жағдай жасауда. Бүгінде Түркістан облысында Қазығұрт ауданының Еңбек ауылында, Арыс қаласының Қожатоғай елдімекенінде, Бәйдібек ауданының Кеңсай ауылында Beeline компаниясының базалық станциялары орналасқан. Алдағы уақытта Бәйдібек ауданының Тасқұдық елді мекенінде орналастыру көзделуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шардара ауданындағы Қоссейіт, Жаушықұм, Көксу, Ұзыната, Бозай және Шардара ауылдары 4G байланысына қосылған болатын.
Суретте: Түркістан облысындағы базалық станцияларды жаңарту жұмыстары
Бір айта кететін жайт, облыста жаңа станцияларды салып, жаңа елді мекендерге байланыс өткізілгелі бері ауылдарда интернет трафигінің өсімі байқалады. Мәселен, 2021 жылдың 1-ші жарты жылдығын 2020 жылдың сол уақытымен салыстырғанда ауылда интернетті пайдалану 155%-ға өссе, қалада 78%-ға өскен екен. Сондай-ақ, осыдан бір жыл бұрын интернетті қала тұрғындары көп пайдаланса, қазіргі кезде ауыл тұрғындарының да пайдалану мөлшері өсіп, қала тұрғындарымен шамалас нәтиже көрсетуде.
Игі бастамалардың шарапатын ауыл тұрғындары көруде. Яғни, олар үшін телемедицина, интернет-банкинг, қашықтықтан білім беру, жұмыс істеу, желідегі кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарында жоғары жылдамдықтағы интернеттің пайдасы шаш етектен. Әсіресе, пандемия уақытында қашықтықтан оқытуда ауыл балалары үшін Beeline компаниясы тарапынан жасалынған жұмыстарға ауыл тұрғындары дән риза.
- Менің балам биыл бірінші сыныпқа барған еді. Алғашқыда дәстүрлі түрде мектепке барғанымен, карантиндік талаптар күшейген тұста үйден оқуға тура келді. Интернет байланысына алаңдап едім, бекер болыпты. Beeline компаниясы базалық станцияны көрші ауылға орнатқандығының көп көмегі тиді. Ешқандай кедергісіз үй жұмыстарын онлайн түрде орындап, ұстазбен байланыста болдық. Ұлым алғашқы «білім баспалдағын» үздік аяқтады. Бүгінде жақсы байланыстың арқасында 350-ден аса отбасы интернетпен көп жұмыстарын үйден ұзамай-ақ, тындыруда. Үлкен рахмет!, — дейді Қазығұрт ауданы, Еңбекші ауылының тұрғыны Бақтияр Әбсағат.
Еске салайық, Vigo компаниясының мәліметінше Beeline – мобильді интернеттің сапасы жағынан Қазақстандағы №1 байланыс операторы. Компания өз тұтынушылары үшін желі сапасын үнемі жақсартып отырады және шалғай елді мекендерді желіге қосу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Beeline операторы Қазақстандағы 9,5 миллион абонентке қызмет көрсетеді және Қазақстанның 30 ірі салық төлеушілерінің қатарына кіреді.