• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

14.07.2021
0

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, жүйелі негізде қызметінде қаржы пирамидаларының белгілері анықталған ұйымдар туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікті мониторингтеу барысында инвестициялық қызметтен жоғары кіріс алуға уәде бере отырып, өз қызметін белсенді жарнамалайтын «Finiko» компаниясы анықталды. Атап айтқанда, осы ұйымның аккаунттары Instagram-да жарнамаланады: https://www.instagram.com/finiko.ru/, hlhttps://www.instagram.com/ finiko.kazakhstan/?hl=ru.

«Finiko» пайдаланушыларға «Сyfron Sapital OÜ» платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады. Бұл жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы.

СYFRON (CFR) – есептеулер жүргізілетін криптовалюта ресми валюта болып табылмайды және қаржылық құндылығы жоқ. Осылайша, пайдаланушылар ақшаны нақты инвестициялық компанияға емес, оның жалған үлгісіне салады.

Өз кезегінде «Finiko» компаниясы осы ойын платформасын пайдалану кезінде күніне 1-1,2% мөлшерлеме бойынша кіріс төлеуді уәде етеді, бұл халықтың теңгелік депозиттері бойынша орташа нарықтық мөлшерлемеден 43 есеге дейін асатын жылдық есептеудегі кірістіліктің жоғары деңгейіне сәйкес келеді.

«Finiko» сонымен қатар тұтынушылық және ипотекалық несиелерді өтеуді ұсынады. Егер компания борыш сомасының 35%-ын салса, ол қатысушының кредиті бойынша бүкіл соманы төлеуге міндеттенеді. Осындай талаптар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ұсынылады: жарна мүлік құнының кемінде 35%-ын құрайды және 3-4 ай өткеннен кейін компания оны сатып алуға және қатысушының меншігіне беруге уәде береді.

Компания сондай-ақ кез келген сатып алу үшін 25%-ға дейін ақшаны қайтаруды және тегін қызмет көрсету кезінде ай сайынғы қаражат қалдығына 6% сыйақыны ұсынатын жалған кэшбэк-карталар есебінен көтеріңкі кірістілікті алуға уәде етеді. Сонымен қатар, осы карта аясында 1-5 адам тарту үшін 1%-дан 10%-ға дейін жоғары кэшбэк пайызын ұсынатын анықтамалық бағдарлама бар. «Finiko» өтініші бойынша кэшбэк-карточка MasterCard-пен ынтымақтастықта жасалғанын атап өтеміз. Алайда, «Finiko» MasterCard серіктестерінің тізімінде жоқ.

«Finiko» компаниясы банктерде арнайы есеп айырысу шоттарын пайдаланбайды. Алаяқтық операцияларды жүргізу үшін ол ақшаны тек қолма-қол нысанда қабылдайды не Qiwi-кошелек, Яндех-ақша, Easy Pay, PayPal және т.б. сияқты интернет-төлемдер мен аударымдардың түрлі жүйелерін пайдаланады. Осылайша, қатысушылар салынған қаражаттың қайда бағытталғанын бақылай алмайды.

Қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша Ресей Федерациясының аумағында «Finiko» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Компанияның жалпы шығыны 80 миллион рубльден асады. 2019 жылғы тамыз — 2020 жылғы желтоқсан аралығында компания Татарстан мен Ресей Федерациясының басқа субъектілерінің аумағында жеке тұлғалардың қаражатын қор нарықтары мен криптовалютаға инвестициялау үшін деп тартқаны анықталды. РФ Орталық Банкінің сайтында «Finiko» «қаржылық пирамида» белгілері бар компаниялар тізімінде тұр. Берілген тізімде Орталық Банк қаржылық пирамидалардың немесе өзге алаяқтық әрекеттердің айқын белгілерін анықтаған компаниялар көрсетілген. Қазіргі уақытта тізім 1913 ұйымнан тұрады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Finiko» қызметін анық қаржылық пирамида мен қаржылық алаяқтықтың белгілеріне ие деп бағалайды. Берілген компания қаржылық ұйымдарға жатпайды, өйткені оның уәкілетті орган берген лицензиясы жоқ, тиісінше, ол халықтан ақша тарту, тартылған қаражатты сенімді басқару және инвестициялау бойынша қызмет атқаруға құқылы емес.

Агенттік депозиттер түрінде немесе қаржылық құралдарға инвестицияларды жүзеге асыру үшін ақшаны тарту тек қана екінші деңгейдегі банктер, ұлттық пошта операторы және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (брокер-дилерлер және басқарушы компаниялар) жүзеге асыра алатын лицензияланатын қызмет түрлеріне жататынын еске салады. Агенттіктің лицензиясын алған ұйымдар туралы ақпарат Агенттіктің интернет-ресурсында жарияланған.

Осыған байланысты, Агенттік Қазақстан азаматтарына «Finiko» компаниясына инвестиция жасау және онымен шарттық қатынастарды орнату, берілген компанияның шотына қаражат аудару немесе қолма-қол ақша беру қауіпті болып табылатыны туралы хабаралайды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.