Үшінші мегаполисте “Донор бол, өзгеге өмір сыйла!” акциясы өз жалғасын тапты. Кезекті қайырымдылық шараға қаланың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы бастаған топ қатысты. Игі істі мешіт имамдары дәстүрге айналдырған. Яғни, жылына 2 рет қалалық қан орталығына келіп донор болады.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы «Донор болып, адам баласының өмірін аман алып қалу исламдағы игі амал» екендігін тілге тиек етті.
Жалпы алғанда Қалалық қан орталығына күніне кем дегенде 100-ге жуық адам келіп қан тапсырады. Донорлар ең алдымен бірнеше тексеруден өтіп, талапқа сай болса ғана қан өткізе алады. Айта кетейік, қан тапсыруды әдетке айналдырған адамның ағзасы әртүрлі ауруларға қарсы тұра алатындығы дәледенген. Сондықтан дін өкілдері қала тұрғындарын өзгеге өмір сыйлап, сауапты іс жасауға шақырады.










