Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ПРЕЗИДЕНТ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
    Айғақ TV

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖАНАТ ЭЛИМАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.06.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Мемлекет басшысына «көлеңкелі» экономика деңгейін қысқарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

    Аталған міндет жүйелі әрі кешенді алдын алу шараларын әзірлеу және өткізу арқылы жүзеге асырылуда. Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа  бүгінге дейін 2,8 триллион теңге көлемінде жалған шот-фактуралар жазып берумен айналысқан 87 қылмыстық топтың жолы кесілгенін баяндады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаға айналдырған қаржы көлемін 24 пайызға азайту мүмкін болды. Бұдан бөлек жасырын жұмыс істеген 10 цехтың қызметі тоқтатылып, есепте жоқ 800 мың шөлмектен астам алкоголь өнімі тәркіленді. Сондай-ақ 96 заңсыз ойын мекемесі жойылып, заңсыз айналымнан 1200-ден астам ойын автоматтары, терминалдар мен покер үстелдері алынды. Мұнай және мұнай өнімдері бойынша 40 заңсыз айналым  дерегі анықталды.

    Мемлекет басшысы «Айқын экономика» ұлттық жобасын іске қосу туралы бастаманы қолдады. Қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнестің «көлеңкелі сектордан» шығуын ынталандыру аталған бастаманың стратегиялық басымдығы болып табылады.

    Агенттік төрағасының айтуынша, 2021-2022 жылдары Қазақстанның жылыстатуға қарсы жүйесі қылмыстық жолмен түскен табыстарды заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ФАТФ (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) стандарттарының сақталуы бойынша өзара бағалаудан өтуі тиіс.

    Президент Агенттіктің аталған шараға қатысты жүргізіп жатқан дайындық жұмыстарының маңызды екенін атап өтті және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.