Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.06.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан қаласында жалпы аумағы 45 мың шаршы метр болатын 7 қабатты 15 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қалды,-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    735 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасы көтеріліп, терезесі орнатылуда. Баспаналарды «Отбасылық банк» және екінші деңгейдегі банктермен сату және кезекте тұрған азаматтарға беру жоспарланған. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің жұмыс барысын пысықтады. Жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Сапаға басты назар аударуды ескертті.

    Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында бес жыл ішінде 5 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салу жоспарланған. Облыс орталығында дәл қазір 7,9 және 12 қабатты 82 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін 1000-ға жуық пәтер беріледі деп жоспарланған.

    Әкімшілік-іскерлік орталықтағындағы 20 қабатты тұрғын үйдің төменгі қабаттарында әкімшілік ғимараттар орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2022 жылғы шілде айында толық аяқталады. Облыс басшысы жұмысшылар санын көбейтіп, жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ 4, 6, және 8 қабатты тұрғын үйлер құрылысы келер жылдың наурыз айында аяқталады. Құрылысқа 150-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.

    Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді. Банк, қонақүй секілді жаңа ғимараттардың құрылысымен танысты. Облыс басшысы бой көтерген жаңа нысандардың айналасын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыруды міндеттеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.