Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НОТАРИАТТЫҚ ҚҰЖАТТАР ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА РӘСІМДЕЛЕТІН БОЛАДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НОТАРИАТТЫҚ ҚҰЖАТТАР ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАДА РӘСІМДЕЛЕТІН БОЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында 1 шілдеден бастап нотариаттық құжаттар электронды нұсқада рәсімделеді. Нәтижесінде нотариаттық істі жүргізу процесі жеңілдеп, азаматтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді және құжаттардың бұрмалануына жол берілмейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.

    «Мемлекет басшысы жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы Заңдарға қол қойды. Осыған байланысты нотариустарға мұрагерлік істің ашылғаны және өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді өтініш келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізу сияқты бірқатар міндеттемелер жүктеліп отыр. Одан бөлек, бұл жаңашылдықтың тағы бір ерекшелігі — азаматтар өздері тұрып жатқан елді мекенде отырып, электронды-цифрлық қолтаңбаның көмегімен республиканың басқа жеріндегі жылжымайтын мүлкін рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады», – деді департамент басшысы.

    Жаңаша жүйеге сәйкес, әрбір нотариаттық құжатқа автоматты түрде бірегей QR-код берілетін болады. Сонымен қатар, нотариус қағаз түрінде ресімделген құжаттың электронды нұсқасын жасайды және олардың заңдылығын растайды.

    Сондай-ақ, жиын барысында департамент басшысы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласына енгізілген өзгерістер де тоқталды.

    «Алдағы уақытта жергілікті жерлердегі сәулет және қала құрылысы органдары жылжымайтын мүлік объектісінің бұзылғанын растайтын құжат беруге жауапты болады. Бұған дейін азаматтар өзінің тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ескі үйінің орнына жаңасын салып, объектіні бұзу туралы құжатқа қол жеткізе алмай жататын. Нәтижесінде қайта салынған үйдің құжатын заңдастыру қиындық тудырып келді. Ендігі жерде жылжымайтын мүлік дерекқорындағы объектілер туралы мәліметтер уақтылы жаңарып, тұлғалардың салықты дер кезінде, нақты нысан үшін төлеп тұруына жол ашылады», – деді М.Тұрғараев.

    Айта кетейік, 2020 жылы Түркістан облысы Әділет департаменті мемлекеттік қызметтің 13 түрі бойынша 1 130 қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардан 2169 өтініш пен арыз-шағым түскен.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.