Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТӘУЕЛСІЗ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ «АСЫЛ ЖҮРЕК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ
    Айғақ TV

    ТӘУЕЛСІЗ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ «АСЫЛ ЖҮРЕК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН БАҚЫЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік – медициналық орталығының күн тәртібі дәрігерлік тексеруден басталады. Қарияларға қызмет көрсету үшін жоғары және бірінші санатты дәрігер кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Таяудан бастап мекемеде физиотерапия кабинеті ашылып, көпфункционалды «Полимаг» қондырғысы іске қосылды. Мамандардың айтуынша, бірнеше сырқаттарға таптырмас емдік қасиеті бар бұл медициналық аппарат әсіресе коронавирус инфекциясы мен пневмониядан кейінгі асқынулармен күресте әсері зор, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Есесіне қан айналымын жақсартып, сұйылтады. Орталықтың басшылығы атқарылып жатқан осы және өзге де жұмыстар жайында мұнда арнайы тексеру шарасымен келген тәуелсіз комиссия мүшелері мен қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековке таныстырды.

    -«Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығы қарияларға тәуліктің күндізгі уақытында 4 сағат уақытқа тегін арнаулы әлеуметтік және медициналық қызметтерді көрсетеді. Бүгінде бір топта 30 адамға дейін 2 ауысымда қызмет көрсетілуде. Карантин талаптарына сәйкес күндізгі стационар негізінде жасақталған орталықта 65 жасқа дейінгі зейнеткерлер қамтылған. Қызмет алушыларға фито-бар бөлімінде жүрек, асқазан, бауыр, бүйрек құрылысына арналған емдік шәйлар беріледі. Сондай-ақ тұз кешенінің қызмет алушылардың ағзасына пайдасы зор. Атап айтар болсақ: бронхит, бронхиалды астма(демікпе), аллергиялық ринит сырқаттарына көмегі орасан,- дейді «Асыл жүрек» әлеуметтік – медициналық орталығының директоры Мауия Алданазарова.

    Әлеуметтік – медициналық орталықта емдік денешынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қарастырылған. Күн тәртібіне сәйкес осы жаттығулардың арасында компьютерлік сауаттылық және қазақ, ағылшын тілін үйрету курстары өткізіледі. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға да мүмкіншіліктері бар. Психолог маманынан кеңес алып, психологиялық тренингтерге қатыса алады. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі түзілген.

    Мүгедек балаларын асыраушы ана, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, БАҚ өкілдері мен азаматтық белсенділер және блогерлерден құралған комиссия тобы қала басшылығының бастамасымен әлеуметтік саладағы басшылық орындағы бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеу мақсатында құрылған болатын. Бүгінгі шара барысында «Асыл жүрек» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына осыдан екі ай бұрын тағайындалған директордың қызметі мен зейнеткерлерге көрсетіліп жатқан қызмет сапасын бақылаған комиссия мүшелері жалпы оң бағаларын берді. Өз тараптарынан осы іспеттес орталықтарды қаланың барлық аудандарынан ашу ұсыныстарын білдіріп отыр.

    Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков мекеме басшылығына комиссия мүшелері тарапынан айтылған барлық ұсыныс-тілектерін ескеріп, жүзеге асыруларын тапсырды.

    — Орталық директорының кандидатурасын осы комиссия мүшелері бірауыздан қолдаған болатын. Сынақ мерзімінде іскерлігін дәлелдеп, көптің үмітін ақтай білді. Қоғам белсенділерінен құралған тәуелсіз комиссия мүшелерінің сыны мен пікірі аса маңызды. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқаратын боламыз,-деді Ерғали Дәулетбекұлы.

    Комиссия алдағы уақытта қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қатысты басқа да мекемелерге барып, жұмыс барысын бақылайтын болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.