Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады
    Айғақ TV

    Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.05.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Президентіне Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты қабылданған шаралар, өңірдегі коронавирус індетіне қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндалды, — деп хабарлайды Ақорда.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өмірзақ Шөкеев облыста ковид-менеджмент бойынша жүйелі жұмыс жасалғанын, санитарлық-эпидемиялық тәртіптің қатаң сақталғанын, халыққа екпе егу ісінің қарқынды жүріп жатқанын айтты. Жалпы Түркістан облысы бойынша 1 миллион адамға екпе егілуі керек болса, бүгінде 200 мың адамға вакцина салынған. Аймақтағы жұқпалы аурулар ауруханаларындағы төсек-орындар мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, қажетті құралдармен жабдықталған. Өңір басшысының айтуынша, қазір облыс «жасыл аймақта», соған сәйкес кейбір шектеулер алынып жатыр.

    Биыл Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толады. Мемлекет басшысына осы аралықта атқарылған жұмыстар мен өңірдегі өзгерістер туралы айтылды. Өмірзақ Шөкеев облыстың жалпы ішкі өнімі 41 пайызға өскенін, инвестиция 2,4 есе артқанын, құрылыс саласында ірі жобалар іске асқанын, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес бойынша оң көрсеткіш бар екенін атап өтті.

    Облыс әкімі Түркістан қаласында қолға алынған жұмыстар жөнінде бөлек баяндады. Қалада 250-ден астам жоба жүзеге асырылған. Түркістанға 445 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев алдағы уақытта атқарылатын жобалар туралы да мәлімет берді.

    Мемлекет басшысы Үкіметпен бірлесіп Түркістан облысын дамытудың 2018-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын қайта жаңартуды тапсырды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.