Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАНДА ХІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАНДА ХІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы» атануы және ХҚТУ-дың 30 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының ХІ жазғы Универсиада ойындары басталды. Түркістан қаласында өткен Универсиаданың ашылу салтанатында ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Тастанбек Есентаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйлеп, дүбірлі додаға қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Универсиаданың ашылуына орай құттықтауын жолдады, — деп хабарлайды  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    «Қымбатты жас достар, Универсиада қатысушылары! Сіздерді Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Спорттық сайыстар — бойға қуат, жүрекке сенім, білекке күш беретін рухты әлем. Сол себепті студенттердің спорт мерекесі жаңарған Түркістан өңіріне тарту болды деп есептейміз! Қадірлі спортсүйер жас достар, сіздерді елімізге, тіпті әлемге танымал дарабоз спорт саңлақтарының қатарынан көргім келеді. Баршаңызға спортта ғана емес, оқуда да еліміздің игілігіне бағытталған табыстар мен жоғары жетістіктер тілеймін!» делінген құттықтауда.

    ХІ жазғы Универсиада — 30 спорт түрінен 37 жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен мықтыларды біріктірген ауқымды спорттық-бұқаралық жоба. Еліміздің 25 университеттің студенттері өзара сайысқа түсті.Универсиада аясындағы жарыстар Нұр-сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай, Өскеменде өтуде. Шара барысында барлық карантин талаптары сақталады. Спортшылар ПТР тестінен кейін жарысқа жіберіледі. Универсиаданың мақсаты  – өскелең ұрпаққа сапалы білім беру бағытында ақыл ойы зерек, дүниетанымы кең, салауатты ұрпақ қалыптастыру. Универсиада маусым айына дейін жалғасады. Жеңімпаздар 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға Қазақстан Республикасы студенттер құрама командасы сапында қатысып, ел намысын қорғайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.