• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА: ҚАЗІР ЭТНОТУРИЗМГЕ СҰРАНЫС АРТЫП КЕЛЕДІ

15.05.2021
0

14 мамыр күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде халық алдында есеп беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында.

Министр коронавирус пандемиясына қарамастан елімізде туризм саласын дамыту бойынша жан-жақты жұмыс жалғасып жатқанын атап өтіп, былтыр аталған салада атқарылған жұмыс пен осы жылы жүзеге асатын жобалар жайлы айтты.

«Биыл Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында туризм саласында республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам іс-шара өтеді. Бүгінде нарықтың қызметін ынталандыру бойынша заңнамалық актілер қабылданып, ішкі туризммен танысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бұдан бөлек қызмет көрсету желісі көбейіп, инфрақұрылымды дамыту мен инвестиция тартуды арттыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Қазір мәдениет, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған этнотуризмге деген сұраныс жоғары. Бұл бағытта биыл маусым мен қыркүйек аралығында Алматы қаласының туристік жерлерінде қолөнершілердің қатысуымен «Ұлы дала мұрасы» жәрмеңкесін өткізу жоспарда бар. Сонымен қатар ұлттық тағамдарды таныту мақсатында Kok bazar fest өтеді. Ақтөбе облысында «Көшпенділер» мұрасы, ШҚО-да Buqtyrma fest атты фестиваль ұйымдастырылады.

Ал киелі жерлердегі туризмді ынталандыру және тарихи-мәдени объектілерге туристік қызығушылықты арттыру мақсатында маусымның соңында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін ашу, ШҚО-да «Абай жолымен» атты ақпараттық тур өткізу жоспарланып отыр. Тағы ішкі туризмді дамыту үшін шілдеде Павлодар облысында «Туризм Pvl-2021» көрмесі өтеді»,-деді министр.

Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай туризм саласында іске асатын бірқатар жоба жайлы айтып өтті.
«Жыл соңына дейін туристік өнімдер тізімін қалыптастыру мақсатында елдің бірегей тарихи-мәдени және тарихи көрікті жерлерін қамтитын 30 жаңа трансұлттық және өңірлік өнімдер әзірлеу бойынша арнайы жоба іске асады. Оның қатарына «Ұлы Жібек жолы» бойында ТОП 10 дистинациясы бар трансұлттық маршрут құру кіреді. Ұлттық және халықаралық деңгейде еліміздің туристік әлеуетін одан әрі ілгерілету мақсатында Қазақстанның 30 туристік өнімінің каталогы құрылады. Еліміздің туристік мүмкіндіктері мен әлеуетін шетелдік аудиторияға таныстыру мақсатында Алматы қаласына әлемнің 30 елінен келген 150 журналистің қатысуымен «Халықаралық шаңғышы журналистер» клубының жыл сайынғы кездесуі ұйымдастырылып отыр. Жалпы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 1 трлн теңгеден астам жеке және мемлекеттік инвестиция тартылып, нәтижесінде 22 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ биыл туризм саласында жоспарланған 30 инвестициялық жоба арасында Ақтау курорт аймағын дамыту шеңберінде Ақтау қаласында көпфункционалды туристік кешен құрылысын жалғастыру, Маңғыстау облысында көпфункционалдық емдеу-сауықтыру кешені, Алматы қаласындағы Holiday In Express қонақүйі сынды жобалар бар»,-деді А. Райымқұлова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ЗАМАНАУИ СӘН ТОҒЫСТЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте сән, ұлттық нақыш пен кәсіпкерлікті бір арнаға тоғыстырған TERRA көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды  шара отандық брендтер мен...

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы басталды. Байрақты бәсекеге Қазақстанның бірнеше қаласы мен Қырғыз Республикасынан да қатысушылар келген. Жалпы 400-ден...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ОТАНҒА АДАЛДЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ӘСКЕРИ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде алғаш рет 105 кадет Әскери ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызды қадамын жасады Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

 «ТАРТЫЛ FEST»: ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Шымкенттегі «Арбат» аллеясы спортсүйер қауымның басын қосқан алаңға айналды. Мұнда жастар арасында воркаутты дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Тартыл FEST»...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технология тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестиция тарту және...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.