Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығы аумағында орналасқан этноауылға барды pic.twitter.com/CzrCorgBaq
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) May 11, 2021
Мәртебелі меймандар мен сырттан келген шетелдіктер мұнда көне ғасыр кейпіндегі үйлерді аралап, сол дәуірдің асханаларынан дәм татып, шеберлер көшесі мен ертегілер мекені, сарбаздар ауылы және шығыс базарының үлгісін өз көздерімен тамашалай алады. Наурыз мерекесі күндері бабалар дәуіріне саяхат жасататын көшпелі ауылда киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылады. Құрылыс барысы тарихи нысанның сақталу талаптары ескеріле отырып жүргізілген болатын.