Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ ҚАЙРАТ ДӘЛБЕКОВ «ДАҢҚ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛДЫ
    Айғақ TV

    ПОЛИЦИЯ ГЕНЕРАЛ-МАЙОРЫ ҚАЙРАТ ДӘЛБЕКОВ «ДАҢҚ» ОРДЕНІМЕН НАГРАДТАЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.05.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы Полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков «Даңқ» Орденімен наградталды. Мұндай қуанышты ақпаратты Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова әлеуметтік парақшасында жариялады, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі.

    «Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында Ішкі істер органдарының қызметкерлері, құқық қорғау қызметі мен күштік құрылымдарының өкілдеріне арнайы әскери атақтар мен мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті. Марапатталғандардың арасында Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков те бар. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың қолынан «Даңқ» орденін салтанатты түрде алды. Түркістан облысының бас полицейі полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков қауіпсіздікті, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндетті абыроймен орындай отырып, 2018 жылдың күзінен бастап киелі Түркістан өңірінде жаңадан құрылған Түркістан облысы ПД-ні басқарып келеді. Ол облыстағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қаншама сынға толы оқиғаларда да қиындыққа қарсы тұрып, өзінің жедел әрі оң шешім қабылдай алуының арқасында халық арасында да абырой-беделге ие болып келеді.

    Мәселен небары бірнеше жылдың ішінде Түркістан облысының халқы мен облысы полиция департаментінің барлық жеке құрамы үшін түрлі сынақтарды бастан өткізді.

    ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауда жүктеген тапсырмаларын тиянақты орындауда, қызметте кездескен сан түрлі ауыр қылмыстар, мал ұрлықтары, халықты тұзағына түсіріп, алдаған алаяқтардың ұсталуы, облыста қылмыстың азаюы мен аймағымыздың қауіпсіз болуына қатысты жұмыстарды күн тәртібінен түсірмей келеді. Соның аясында Түркістан өңірінде өткен жылы қылмыстық құқықбұзушылық 28%-ға, ал қылмыс саны 30,3%-ға азайды.

    2019 жылы маусымда Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс, 2020 жылы басталған пандемия, Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы және соның нәтижесінде Мақтаарал ауданындағы елді мекендердің су астында қалып, 6000-нан астам тұрғынның баспанасыз болуы, Түркістан қаласында ірі қонақүйде газ цистернасы жарылып, бүкіл ғимаратты шарпыған өрт, міне осындай төтенше жағдайлар мен жайттардың барлығында Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы санының аздығына қарамастан қызмет етіп, өздерін кәсіби жағынан көрсетті», — деп жазады Салтанат Қаракөзова фейсбук парақшасында.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.