Таиландтың Паттайя қаласында слаломды есуден Олимпиадаға Азия іріктеу турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Аталған сында Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті. Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Александр Куликов жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші — 80.42. (Бұл бәсекеде Олимпиада жолдамасы тек қана жеңімпаз спортшыға беріледі.)
Финалда бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Қуаныш Еренғайыпов 7-ші орыннан көрінді. Ақтық сында он спортшы жарысқан болатын.