Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ
    Айғақ MEDIA

    ШЫМКЕНТТЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.05.20211 839 Views

    Шымкент қаласында қазіргі таңда 21 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай әр қарт майдангерге жыл сайынғы бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек – 360 АЕК яғни, 1 050 120 теңгеден берілді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қаражат барлық соғыс ардагерлерінің есеп-шоттарына толығымен аударылған.

    Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың шешімімен 3307 тыл ардагеріне 12 АЕК, яғни 35 мың теңгеден астам бір реттік ақшалай төлем жүргізілуде. Тыл ардагерлеріне барлығы 115 млн 758 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген.

    7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға, атап айтқанда, Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар, Семей полигоны ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған, радиациялық апаттар мен авариялардан зардап шеккен азаматтарға 36 АЕК (105 012 теңге) көлемінде ақшалай көмек аударылады.Жалпы, бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 82 124 болса, оның ішінде 21 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. 3307 тыл еңбеккері және 1728 ҰОС қатысушыларға теңестірілген азаматтар тұрады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

    26.11.2026

    ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

    26.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨКПАР ТУРНИРІ ӨТТІ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.