28 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Түркістан қаласындағы қазақ хандары мемориалы» мәселесіне байланысты еліміздің белгілі тарихшыларымен арнайы кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Онлайн форматында өткен жиында Түркістанда жерленген қазақ хандарының туған, өмірден өткен жылдары, ел басқарған кезеңдерін анықтау және оларды мемориалға дайындауға және т.б. мәселер сөз болды.
Кездесуді вице министр Н.М. Дәуешов жүргізді. Жиын барысында ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Б. Көмеков, ҚР ҰҒА академигі т.ғ.д., профессор Б. Кәрібай, т.ғ.д., профессор М. Абусейтова, т.ғ.д., профессор Б.Аяған, т.ғ.д., профессор З. Самашев, т.ғ.д., профессор Ж. Таймағамбетов, т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар, т.ғ.д. У. Ахметова, т.ғ.д. А.Ахмет, т.ғ.д., профессор З. Кабулдинов, т.ғ.к., профессор А. Исин сөз сөйледі.
Сарайшық музей қорығы директоры, қазақ хандығы тарихының маманы т.ғ.д., профессор Ә. Мұқтар қойылатын 21 тақтаға Қазақ хандығының Түркістанда жерленген Аға хандарды (саны 6-7), барша қазақ мойындаған би, батырларды енгізуді, оларды нақтылау үшін Тарих институты немесе Қазақ Ұлттық Университетіне тапсыруды ұсынды.