Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҮКІМЕТ ТҮРКІСТАН-КЕНТАУ ШЕКАРАСЫН ӨЗГЕРТУГЕ ДАУЫС БЕРДІ
    Айғақ TV

    ҮКІМЕТ ТҮРКІСТАН-КЕНТАУ ШЕКАРАСЫН ӨЗГЕРТУГЕ ДАУЫС БЕРДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.04.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    ҚР Үкіметінің 25 қараша 2020 жылғы №793 Қаулысына сәйкес, бүгін Түркістан мен Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы Қаулы жобасы ҚР Үкіметінде талқыланып, дауыс берілді.

    Түркістан қаласының жаңа Бас жоспары негізінде, бүгінгі таңда қала аумағына Кентау қаласының әкімшілік аумақтық бағыныстылығына берілген жерлерден 4831,86 гектар және Түркістан қаласы аумағынан Кентау қаласына 4716,29 гектар жер беру көзделген. Атап айтқанда, Түркістан Халықаралық әуежайы, Яссы, Үшқайық, Қарашық, Ораңғай және Шаға ауылдық округтерінің ауылшаруашылық жерлері Түркістан қаласының аумағына өтеді. Сонымен қатар, аталған ауыл округтеріне шекаралас қала жерлері ауыл округтеріне өткізіледі.
    Бұл бағытта «Түркістан облысының Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы» Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облыстық маслихатының бірлескен қаулыларының жобасы әзірленіп, шешім қабылданған болатын. Осы қаулы жобасын қабылдау Түркістан қаласының жер аумағын бекітілген Бас жоспарға сәйкестендіруге, қаланың шекара аумағына енгізіліп отырған жерлерді сәулет және қала құрылыстық құжаттамаға сәйкес пайдалануға, қаланың экономикалық ахуалын жақсартуға ықпалын тигізеді деп күтілуде.

    Айта кетейік, Қаулы жобалары Қазақстан Республикасының Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы, Ауыл шаруашылығы және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен келісілген.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.