Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ӘР АРДАГЕРГЕ — 1 МЛН. ТЕҢГЕ
    Айғақ TV

    ӘР АРДАГЕРГЕ — 1 МЛН. ТЕҢГЕ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа29.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында қазіргі уақытта Ұлы Отан соғысына қатысқан 28 ардагер тұрады. Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты олардың әрқайсысы 1 млн. теңге көлемінде біржолғы төлем тағайындалды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген теңестірілген 214 тұлғаға біржолғы материалдық төлем де қарастырылып отыр.

    Жалпы, Түркістан облысы бойынша 6808 ардагерге Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 233,2 млн теңге қаржы бөлінді. Төлемдер 4 мамырға дейін толық аяқталады. Оның ішінде:

    — 28 Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 млн. теңге;

    — 6722 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000 теңге;

    — 55 блокадалық Ленинградтың тұрғынына, соғыста қайтыс болғандардың жесірлеріне – 60 000 теңге;

    — 3 кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ,ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттарға – 100 000 теңге белгіленді.

    Түркістан облысы бойынша Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнатылады.

    Сонымен қатар, Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, құттықтау шаралары жүргізіледі. Ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен бірлесіп өткізілетін шара барысында карантин талаптары қатаң сақталады. Онда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атынан ардагерлерге құттықтау тілегі жеткізіліп, сый-құрмет көрсетіледі.

    Облыс бойынша Ұлы Отан соғыс ардагерлері тұрғын үймен толық қамтамасыз етілген. Сауықтыру шараларын жүргізу мақсатында соғыс ардагерлеріне жасақталған әлеуметтік картаның нәтижесінде денсаулық сақтау саласы тарапынан 28 ардагердің үйіне барып, қажетті медициналық қызмет көрсетілді. Диспансерлік тексеруден өткізілді.

    Жыл сайын облыстың тарихи және мәдени ескерткіштерінің техникалық жағдайына мониторинг жүргізіліп, тиісінше жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

    Облыс бойынша 315 ескерткіш, 78 мемориалдар, монументтік кешендер бар. Бүгінгі таңда олардың бірқатары жаңартылуда.

    Жыл сайын аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында 7,8 мың жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді (Ардагерлер үйінде-4000, «Мейір»ардагерлер үйінде -3800 соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, зейнеткерлер).

    Бүгінгі таңда әлеуметтік қашықтықтың сақталуына байланысты 7800 орынға ардагерлердің 50% жайғастырылып, яғни 3900 зейнеткер денсаулығын түзетуге мүмкіндік алуда.

    Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға басымдық беріліп, бірінші кезекте аталған демалыс орындарына жолдама берілетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.