Қорғаныс министрлігінің апталық аппарат кеңесінде әскердің тыныс-тіршілігін ұйымдастырудың басты мәселелері талқыланды, деп хабарланды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында.
Қазіргі кезде құралымдар мен әскери бөлімдерде жазғы оқу кезеңіне дайындық жүруде. Бас қолбасшылар техниканы жазғы пайдалану режиміне ауыстыру барысы, сондай-ақ полигондар мен оқу-жаттығу алаңдарын оқ-дәрілердің қалдықтарынан тазарту жөнінде баяндады.
Өз кезегінде қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов армияны цифрландыру аясында «Е-өтініш» жүйесін енгізу туралы баяндады. Ол бүкіл үрдісті ашық және Қорғаныс министрлігіне келіп түскен өтініштерді қарау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта барлық гарнизондарда 867 автоматтандырылған жұмыс орындарын жабдықтау, сондай-ақ персоналды оқыту жүргізілуде. Қарулы Күштерді бірыңғай ақпараттық жүйеге қосу 2021 жылдың 1 шілдесіне қарай жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қорғаныс министрі «Е-өтініш» – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасындағы маңызды құрал екенін, сондықтан бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу жөніндегі барлық іс-шараларды уақтылы және сапалы орындау қажеттігін атап өтті.