Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАНДЫ АБАТТАНДЫРУҒА АҚСАҚАЛДАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАНДЫ АБАТТАНДЫРУҒА АҚСАҚАЛДАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.04.2021Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Ақсақалдар алқасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласын абаттандыруға арналған жиын болып өтті.
    Аталмыш шараға қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов және жауапты салалық басқарма басшылары мен аудан, қалалардың Түркістан қаласын абаттандыруға және белгіленген секторларға жауапты мамандары қатысты.
    Жиында алғаш болып сөз алған қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов облыс әкімі Ө.Шөкеевтің Түркістан қаласын көгалдандыру бойынша тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыстар өз дәрежесінде атқарылып жатқандығын айтты, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
    «Біз облыстық Ақсақалдар алқасымен бірлесе отырып Түркістан қаласындағы 9 мөлтек аудандағы 850 көше бойына егілген ағаш көшеттерінің өсіп шығуы үшін, оларды күтіп-баптау жұмыстарына облыс ақсақалдар алқасы мен жергілікті тұрғындарды тарту мәселесін қолға алып отырмыз. Қазіргі таңда Түркістан қаласы 32 секторға бөлінген. Әр аумаққа аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары жауапты ретінде белгіленген. Шаһардағы «Жасыл белдеу» аймағындағы көшеттердің суарылуы басты назардағы мәселе болып отыр. Осы мақсатта сектор аумағында ұңғымалар қазылып, жерасты сулары пайдалануда. Әр секторда 10 мыңға жуық көшеттер отырғызылып, әр талдың түбіне су жеткізілуде. Кей секторда тамшылатып суару жүйесі жүргізілсе, кей секторлар қажетті суды Арыс-Түркістан каналынан тартуда. Сонымен қатар, көшелерде жарықшамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатылды. Апта сайын 32 сектор аумағында аудан, ауылдардан келген азаматтардың қатысуымен сенбіліктер ұйымдастырылуда. Дегенмен, осынша қыруар жұмыстардың жемісті болып, Түркістан қаласы толықтай жасыл аймаққа айналуы үшін әрбіріміздің үлес қосуымыз аса маңызды. Ақсақалдар алқасының бұл бастамасы түркістандықтардың тарапынан қолдауға ие болады деп сенемін», — деді Дамир Дәулетұлы.
    «Қазіргі таңда, жаңару мен жанданудың даңғыл жолына түскен, Түркі елдерінің рухани астанасы Түркістан қаласын жасыл желекке айналдыру жұмыстары қарқынды жүзеге асуда. Әсіресе қала аумағына өңірдің климатына қолайлы түрлі ағаштар егіп, жергілікті тұрғындарға қолайлы өмір қалыптастыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Облыс орталығын секторларға бөліп, оған аудан, қалалар мен салалық басқармаларды жауапты етіп қою – бұл бағыттағы жұмыстардың жемісті боларына сенімді ұлғайтады. Алайда, Түркістан қаласына егілген әр ағаштың өсіп, өздігінен жайқалып кететін дәрежеге жеткенше оны күтіп, баптау, уақытылы түбін қопсытып, суару – жауапты жандардан бөлек әрбірімізге жүктелген үлкен міндет болып тұр. Түркістан қаласына Қазақстанның әрбір өңірі, тіпті Түркі елдері қамқорлықпен қарап, өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан тұста – біздің жұмыла әрекет етіп, қаланы жасыл желекке айналдыруды басты мақсат етіп алғанымыз жөн деп есептеймін.
    Осыған байланысты барлық жауапты сала мамандарын, ақсақалдарды, жастар қауымын, жалпы қала тұрғындарын егілген әр ағашқа қамқорлықпен қарап, бірігіп әрекет етуге шақырамын! Бұл- өскелең ұрпақ алдындағы міндетіміз әрі әрбіріміздің күнделікті өмір салтымызды жақсартудың таптырмас жолы деп білемін» деген Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов Түркістан қаласын абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстарын Ақсақалдар тарапынан үнемі назарда ұстайтындығын жеткізді.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.