Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫ 13 500 ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫ 13 500 ГЕКТАРҒА ЖЕТТІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Түркістан қаласының айналасын көгалдандыру мақсатында іске асып жатқан «Жасыл белдеу» жобасының жалпы аумағы 2 есе ұлғайып, 13 500 гектарға жетті. Жыл соңына дейін оның көлемін 20 000 гектарға жеткізу жоспарлануда. Түркістанның табиғи тынысына айналған ауқымды шара туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалымен өткен апталық аппарат отырысында Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Әбдуалиев мәлімдеді. Облыс әкімінің бастамасымен шаһарды жасыл желекке бөлеп, климатын өзгерту  үшін 2019-2022 жылдары Түркістан қаласының айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда бұл жұмыстар мерзімінен бұрын толығымен орындалды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
    «Өткен жылы «Казатомпром» акционерлік қоғамының қолдауымен 5800 гектар жерге сексеуіл ағашы егілді. Оның ішінде 3300 га жерге көшетпен және 2500 га  ұрықпен себілді. Түркістан қаласындағы халықаралық аэропорт жолының бойы 252 га жер телімі толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылды. Отырғызылған ағаш көшеттерін желден қорғау үшін, оларды жіппен тартып байлау жұмыстары жүргізілуде. Қалған учаскелердегі отырғызылған ағаш көшеттердің ұңғымалар мен канал, насостар арқылы сумен қамтамасыз етілген. Суару жүйесімен қамту жұмыстары жалғасуда»,-деді басқарма басшысы өз баяндамасында.
    Жиналыста өңірдің санитарлық эпидемиологиялық жағдайы талқыланды. Қазіргі уақытта Түркістан облысы коронавирус аурушаңдығының көрсеткіші бойынша ҚР бойынша «жасыл» аймақта орналасқан. Осы күнге дейін 44 мыңнан астам түркістандық ерікті түрде егілді. Түркістан облысына отандық «QazVac» вакцинасының 2000 дозасы жеткізілді.  Жоспарға сәйкес жыл соңна дейін 200 мыңға жуық «Спутник-V» және «QazVac» отандық вакцинамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Жалпы 660 мың адам ПТР тест тапсырған.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.