Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының сапалы дайындығы мен сәтті өнер көрсетуі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
2020 жылы лицензияларды жеңіп алу жоспарын іске асыру үшін 431 оқу-жаттығу жиындары өткізілді, құрама командалар 104 халықаралық спорт жарыстарына қатысып 105 медальға ие болды (18 алтын, 35 күміс және 52 қола медаль).
Олимпиадаға дейін 11 континенталды лицензиялық ойындарына (оның бірі күрес түрлерінен Алматы қаласында жоспарланған), 7 әлемдік іріктеу жарыстарына, 3 әлем кубогына, сондай-ақ 20 рейтингтік турнирлерге қатысу жоспарланған.
Олимпиадаға дейін 11 құрлықтық лицензиялық (олардың бірі күрес түрлері бойынша Алматы қаласында жоспарланған), 7 әлемдік біліктілік жарыстарына, 3 Әлем кубогына, сондай-ақ 20-дан астам рейтингтік турнирлерге қатысу жоспарлануда. Лицензиялық кезең ағымдағы жылғы 1 шілдеде аяқталады.