Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады
    Айғақ TV

    Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады. Жаңа жобаның құрылысы Ақбастау ауылдық округі аумағынан өтетін Бөген өзені бойынан жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бәйдібек ауданына барған жұмыс сапарында «Сарқырама» су қоймасы салынатын орынға барып, маңызды мәселені сала мамандарымен бірге талқылады. Облыс басшысы су қоймасының сыйымдылығын 50 млн текше ұлғайтуды ұсынды.

      Түркістан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы бірқатар нысанды аралап, қарияларымен кездесті. Сапар барысында Мыңбұлақ ауыл округіне қарасты Қосбұлақ ауылында жаңадан бой көтерген 150 орындық мектепте болды. Заман талабына сай салынған нысан, биылғы жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептің құрылысы екі жыл бұрын басталған. 150 орындық мектепте балалардың жан-жақты оқып-жетілуі үшін барлық жағдай жасалынатын болады.

      Аймақ басшысы мал шаруашылығын дамыту бойынша енгізілген жаңа технология арқылы «Ақылды жайылым» жұмысымен танысты. Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылындағы «Молшылық» шаруа қожалығы он жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Жайылымдық жерді тиімді пайдаланудың жолы — ақылды жайылым. «Ақылды жайылым» жобасы аясында күннен энергия алатын құрылғымен энергетикалық қоршау жасалынған. Төрт түлік сол қоршаудың ішінде ғана жайылады. Бұл шағын жерді бірнеше бөлікке бөліп, малдың кезек — кезек орнын ауыстырып, жайылымдық жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

     

      Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Мыңбұлақ елді мекеніндегі табиғи газ жүйесінің қазіргі жағдайын және газ құбырларын жүргізу жоспарларымен танысты. Бүгінгі таңда аудан аумағында орналасқан 10 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, биыл құрылысы жүргізіліп жатқан 7 елді мекен табиғи газбен қамтылады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, Мыңбұлақ елді мекеніне 2019 жылдан бері газ құбырының құрылысы жүргізілуде.

      Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.