Түркістан қаласының Жаңа Қала шағын ауданы Шымкент Тас Жолы көшедегі №12/1 жапсарлас салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені бойынша орналасқан 1 және 2 бөлмелі пәтерлер бойынша конкурс басталуда. Үй кезегінде тұрған отбасы банк салымшылары қатыс алады.
⠀
🏡Түркістан қаласында орналасқан бұл тұрғын үйге әкімдікте үй кезегінде тұрған азаматтар тапсыра алады.
Конкурсқа өтінім 2021 жылдың 28 сәуірінен бастап, мамыр айының 5-не дейін аралығында беріледі. Баспананың шаршы метрінің бағасы 180 мыңды құрап отыр. Пәтерлер саны: 30
Конкурсқа қатысу үшін, Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағында болуы керек. Егер Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы бар болса, заем берілуі мүмкін.
Пәтер бағасы:
▶️1 бөлмелі 12 пәтер — 37,7 ш.м.
пәтердің бағасы — 6 786 000 тг
Пәтерге өтінім тастау үшін депозитіңізде 678 600 теңгеден кем болмауы қажет;
▶️1 бөлмелі 12 пәтер — 42,5 ш.м.
пәтердің бағасы — 7 650 000 тг
Пәтерге өтінім тастау үшін депозитіңізде 765 000 теңгеден кем болмауы қажет;
▶️2 бөлмелі 6 пәтер — 58,8 ш.м.
пәтер бағасы — 10 584 000 тг
Пәтерге өтінім тастау үшін депозитіңізде 1 058 400 теңгеден кем болмауы қажет.
🔄Нұрлы жер бойынша:
➡️Несие пайызы — 5%,
➡️Алғашқы жарна — 20%,
➡️Несие мерзімі — 20 жылға дейін,
➡️Табыс отбасы мүшелеріне шаққанда 3,7 күнкөріс минимумынан, яғни, 126917 теңгеден аспауы қажет. Яғни отбасының жалпы табысы, отбасы мүшелерінің санына бөлгенде 126917тг аспауы керек:
Мысалы: ері мен жұбайы екеуінің табысының қосындысы 320 000 тг болса және отбасы саны 4 адам болса➡️ 320 000:4=80 000тг<126917
Толық ақпарат БАСПАНА.КЗ сайтынан көре аласыздар.