Қазақстанда 8 авиакомпанияның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім еткендей, авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды атқарды: — 65 инспекциялық тексеріс; — 9 әуе компаниясын сертификаттау; — аэронавигация саласында 17 аудит; — 31 әуе айлақты сертификаттау; — әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс. «Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компанияның, соның ішінде «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды», — деді министрліктен.
ҚазАқпарат.