Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ
    Айғақ TV

    ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа23.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев карантин шараларын ескере отырып, облыс тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдады. Әкімнің жеке қабылдауына өз мәселесімен 10-нан астам азамат қатысты. Облыс басшысының қабылдауына жазылған облыс тұрғындарының басым бөлігі жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Айта кетейік, облыс әкімі карантин басталғаннан бері азаматтарды онлайн қабылдауды тоқтатқан емес, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Қашықтықтан өткен қабылдауда облыс тұрғындары тұрғын үй, жер, әлеуметтік және инфроқұрылым, шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесін көтерді. Түркістандықтардың өтініштерін тыңдаған Өмірзақ Естайұлы көтерілген мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, көмек көрсетілетінін түсіндірді.

    Облыс әкімінің қабылдауына жазылған Түркістан қаласының тұрғыны анасының қатерлі ісік ауруына шалдығып, төсек тартуына байланысты жаялық және азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде өтінішін жеткізді. Аталған азаматшаға атаулы әлеуметтік толық төленген. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама, қайырымдылық қор тарапынан азық-түлік себеттері берілген. Арнайы комиссиясының қорытындысы негізінде оңалтудың жеке бағдарламасы бекітілмегеніне байланысты, міндетті гигиеналық құралмен қамтамасыз ету қаралмаған. Облыс басшысы азаматшаның өтінішін орындауды Түркістан қаласының әкіміне жүктеді.

    Отырар ауданының тұрғыны ауыл шаруашылығы мақсатындағы 200 га жеріне шаруашылық нысандарын салуға көмек сұрады. Облыс әкімі өтініш иесіне ауыл шаруашылығы саласын дамытуға айналым, қаржы бағыттары бойынша жеңілдетілген несиелер ұсынып, жол сілтеуді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығына тапсырды. Аймақ басшысы жайылымдық жерлерге қатысты мәселенің өзектілігін ескертті.

    Кей өтініштердің заңды негізі болмағандықтан, облыс әкімі ондай азаматтарға демеушілердің көмегімен қолдау көрсетуді жүктеді. Облыс әкімінің қабылдауында болған Сарыағаш ауданының азаматшасы сот үкімімен баспанасыз қалғанын жеткізді. Өмірзақ Естайұлы бірнеше жылдан бері шешімін таппай келетін мәселесін айтқан қарияға демеушілер тарапынан қолдау көрсетуді аудан әкіміне тапсырды.

    «Заң солай, тәртіп солай. Аудан әкімдері қараңыздар, жолдарын іздеңіздер. Мүмкін демеушілер арқылы көмек беру керек. Қабылдауға жазылған азаматтардың мәселесі барынша заң аясында шешілгені дұрыс. Бір адамның өтінішінің артында бүкіл отбасы мен оның жақындары тұрады. Мұны жақсы түсінуіміз керек», – деді Өмірзақ Естайұы.

    Әкім қабылдауында болғандардың арасында ескі мектепті мәдениет үйіне айналдыру, ауыл ішіндегі жолда жасанды жол кедергілерін орнату, ауылды абаттандыру секілді өтініштерін жеткізді.

    Өмірзақ Шөкеев түркістандықтардың ұсыныс-шағымдарын жеке бақылауына алып, жауапты тұлғаларға әр азаматтың мәселесін жіті талдап, заң аясында шешуді міндеттеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.