Қарағанды қаласының Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару және Let’s Go Club тренерлері скандинавиялық жүрумен айналысқысы келетіндердің барлығын жаттығуға шақырады. Тегін сабақтар клубтың тәжірибелі нұсқаушысының басшылығымен таза ауада өтеді, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Скандинавиялық серуендеу кез-келген жастағы және дене шынықтыру деңгейіндегі адамдарға қол жетімді.
Алғашқы жаттығу осы сенбі, 24 сәуірде сағат 07:30-да БЛКЖО-ның 30 жылдығы атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Қатысушылардың жиналу орны басты сахнаның жанында.
Жаттығулар карантиндік шараларды сақтай отырып өтеді (маскалар қажет және 1,5–2 м қашықтықты сақтау керек).