Аптаның сейсенбісінде Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев Орталық коммуникациялар қызметі ортылығында нотариат және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы реформалар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап нотариаттық құжаттарға QR-код беріледі. Бұл оларды жалғаннан қорғауға және қағаз бланкілерден бас тартуға мүмкіндік береді.
Мысалы, егер бұрын сенімхаттың түпнұсқалығын тексеру нотариусқа жүгіну арқылы жүзеге асырылса, енді оны QR-код бойынша смартфондағы қосымшаның көмегімен немесе құжаттың сандық коды бойынша enis.kz сайтында тексеруге болады.