Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКПЕ САЛАТЫН 80 ПУНКТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕКПЕ САЛАТЫН 80 ПУНКТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысы табиғи өсім бойынша елімізде көш бастап тұр. Жыл басынан бері өңірде бала туу көрсеткіші 6,5 пайызға өскен. Ал,  сәби өлімі  27,7 пайызға азайған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық басқармасының кеңейтілген алқа отырысында мәлімденді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен өткен отырыста саланың жыл басынан бергі жұмыс нәтижелері туралы  облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Былтыр өңірдің денсаулық сақтау саласына 13,7 млрд. теңге бағытталды. Басқарма басшысының айтуынша, бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау және жедел жәрдем қызметін күшейтуге мақсат қойылған. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау мақсатында 2,5 млрд. теңгеге  205 дана медициналық техника сатып алынып, жабдықтау 79.2 пайызды көрсетті. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 9 фельдшерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп, оның 5-уі пайдалануға берілсе, биыл төртеуі ашылады.

    Сонымен қатар, жедел медициналық көмек қызметі 122 бірлік автокөлік сатып алу арқылы күшейтілді, бұл көліктер жедел жәрдем паркін жаңартуға мүмкіндік берді. Аймақта дәрігерлердің біліктілігін арттыруға үздіксіз ерекше көңіл бөлініп келеді. Жалпы 2000 медицина қызметкері біліктілігін жоғарылатты. Облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитов COVID-19 індетіне қарсы вакцинация мәселесіне тоқталды. Вакцинаның жетіспеушілігі байқалмауы тиістігін ескертіп, осыған байланысты облыстың бас дәрігеріне нақты тапсырмалар берді.

    Жалпы елімізде вакцина алу бойынша Түркістан облысы Алматы, Қарағанды облыстарынан кейін үшінші орында тұр. Өңірде екпе салатын 80 пункт ұйымдастырылған. 43 мыңнан астам адам қатерлі індетке қарсы екпені  қабылдады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.