Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Марат Мұратұлы бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызметін атқарып келген.
Президенттің Жарлығымен Алик Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды