Есімі тек Шымкентке ғана емес, республикаға белгілі сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бақытжан Әшірбаев мезгілсіз өмірден өтті.
Бақытжан Әшірбаев тек сәулет өнерімен ғана емес, ақын, сазгер ретінде де танылып үлгерген «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат еді. Сондай-ақ, Шымкент және Түркістан қалалары архитектурасының дамуына өшпес із қалдырған. Өзінің қайталанбас туындыларымен, Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойына арналған Түркістан қаласының құрылысына атсалысқаны үшін және Шымкенттегі «Тәуелсіздік саябағы» кешені авторының бірі ретінде әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының иегері атанған болатын.
Бергенінен әлі берері көп жан еді… Амал нешік, мәңгілік мекеніне кетті. Марқұмның отбасы, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Барар жері пейіш, арты кеніш болсын.