• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

«ЯССАУИ ІЗІМЕН» ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ЖОБАСЫНА ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

10.04.2021
0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Яссауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Түркі елдеріне ортақ жобаға айналады, деп хабарлады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Бүгін Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы кординаторы Исмаил Гюрлек
«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасымен тереңірек танысу мақсатында Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді.

Сапар барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжановпен кездесіп,
Қожа Ахмет Яссауидің замандасы,  шәкірті, әрі жиені Жүсіп атаның ұрпағы Сейдәлім Юлдашев ақсақалдың қолындағы тарихи қолжазбалармен танысты.

-Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Яссауидің тарихын түгендеп, деректерін іздеу мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі жасап жатқан жұмыстар Түркия халқы ғана емес жалпы Түркі елдерінің ортақ қуанышына айналды деуге болады. Түркия Республикасының телеарналарында «Яссауи ізімен»  жобасы арқылы табылған шежірелер мен тарихи мұралар жайлы хабарлардың шығуы сол сәтте-ақ үлкен жаңалыққа айналып, ерекше қозғалыс тудырды. Мен сіздерге министрлеріміз бен агенттік басшыларының сәлемі мен алғысын жеткізгім келеді. Бұл жобаның әрі қарай да кең ауқымды жүзеге асуына қолдау көрсету үшін өз ұсынысымызды білдіреміз. Жобаға атсалысу біздің де парызымыз»,-деді Исмаил Гюрлек мырза.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі өкілінің айтуынша,  шежірелердің түпнұсқасын толықтай аударуға арнайы орталықтарды жұмылдырып, жәдігерлерді реставрациялау, заманауи үлгіде электронды кітап шығарып Түркі елдеріне түгелдей танытуға қолдау көрсетуге ниетті.

— Қожа Ахмет Яссауи тарихының ашылмай тұрған жұмбақ беттері қаншама. Бабамыздың шәкірттері 100-ден аса елге таралған. Оның ұрпақтары мен шәкірттерінің дерегін ақтара отырып, Яссауи әлемінің де ақтаңдақ беттеріне бойлай алатынымыз шындық. Мінекей, жуырда ғана табылған Жүсіп ата қолжазбасы арқылы Қожа Ахмет Яссауидің туған әпкесінің аты-жөні туралы деректерді анықтап отырмыз. Бұл деректер бұған дейін ешбір жерде кездескен жоқ.Әзірет Сұлтан бабамыздың жиені Жүсіп атаның тарихына қатысты қолжазбадан тарихи тың деректердің сыры ашылып келеді. Толығырақ алдағы уақытта белгілі болады. Шежірені аудару ісімен арнайы мамандарымыз айналысып жатыр.
Бұдан бөлек, «Яссауи ізімен» жобасы аясында жуырда ғана Ахмет Яссауи бабамыздың ұрпағы Өзбекстан Республикасының Наманган қаласында тұратын 98 жастағы Ибрахимжан ақсақалдан шежіре мен мөр таптық. Ахмет Яссауидің нағашысы Тағайын атаға тиесілі 800 жылдық асатаяқ та мәлім болды. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады. Қолдау көрсетуге оң ниет танытып, арнайы келгендеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Күш біріктіріп еңбек ете отырып Түркі халықтарына ортақ жарқын дүниені жарыққа шығаратынымызға сенімдімін. Сонымен қатар, Исмаил Гюрлек мырза екеуміздің арамызда реставрациялау жұмыстары, музейлендіру және Үкаша ата кесенесі жанына сапар орталығы мен мешіт, музей ғимараттарын салу, абаттандыру мәселелері қозғалды. Аталған жобаларға Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің өкілі оң көзқарасын білдірді,-деді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов.

Ресми кездесу барысында «Яссауи ізімен» жобасының жүйелі жұмысын арттыруға бағытталған іс-әрекетті үйлестіру, ғылыми жоба аясында анықталған, табылған тарихи құнды материалдарды насихаттау, қажет жағдайда реставрациялау, түркі дүниесіне кеңінен таратуды дамыту перспективаларын қарастыру, Яссауи есімімен байланысты діни және тарихи-ескерткіштерді насихаттау  мақсатында бірлескен экскурсиялық маршруттар құру, қос тарап та өз құзыреті шегінде ұзақ мерзімді және жан-жақты қарым-қатынасты дамыту, туристік имиджді қалыптастыру, музей саласы мамандарының тәжірибе алмасуға және кәсіби біліктілігін арттыруға, тұрақты туризмді дамытуға бағытталған іс-шараларға қолдау көрсету, тарихи-мәдени қарым-қатынасты нығайту сынды көптеген мәселелер талқыланды.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің өкілдері екі күнге созылған ресми сапар барысында Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етіп, ортағасырлық Сауран қалашығы мен Үкаша ата кесенесі және құдығымен танысты.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ҚОҒАМ СЕНІМІНІҢ НЕГІЗІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылдар жалғасуда. Қоғам мен мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін бұл індетпен күрес – тек құқық...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.