Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің республикалық және жергілікті жолдардың сапасына қатысты сын айтты.
«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр» деп жазды Тwitter-парақшасында.