• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Түркістан облысында қылмыс саны 33,7% — ға азайған

08.04.2021
0

Түркістан облысы республика көлемінде жемқорлық деңгейі төмен облыстардың алғашқы бестігінде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны 33,7% — ға азайған.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Ондағы іс-шаралар негізінен сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жоюға және алдын-алу жұмыстарына бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мәлімденді. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Қошқалиев, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, облыс әкімінің орынбасарлары және басқарма басшылары қатысты. Жиында облыстық басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылдықтар жайында айтылды.

«Негізгі мақсатымыз — 5 сәуірінен бастап күшіне енген әкімшілік заңнамадағы түзетулерді түсіндіру. Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік органның басшысы жемқорлыққа байланысты алдын алу шарасын қабылданбаса, айыппұл салынады. Немесе мемлекеттік орган, квазимемлекеттік орган басшылары жемқорлықтан бұрын жазасы бар азаматтарды жұмысқа алса,  оған да айыппұл салынады. Заңсыз кәсіпкерлікке араласу және жеке немесе заңды тұлғалар сыйақы беретін болса, ол жерде де айыппұл салынады. Осындай 15 бап бойынша уәкілеттілік берді. Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты бірнеше тетіктер бар. Талдау, мониторинг жүргізу керек. Ұсыныс беру керек»,- деді Жазира Жақсылыққызы.

«Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жобасы аясында Түркістан облысында 1352 мемлекеттік мекеменің барлығы 100 % — ға өз бюджеттерін жариялады. Облыс көлеміндегі барлық аудан, қалалар мен басқармалар тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 280 ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын жүзеге асыру бір терезе қағидаты арқылы азаматтардың мәселелерін кедергісіз шешу мақсатында, облыстағы барлық 16 қала/ауданында сервистік әкімдіктер ашылып, сервистік форматқа көшу мәселесі облысымыздың аудан/қала әкімдіктерімен жүз пайыз қамтылды. Сервистік әкімдіктерде тұрғын үй кезегі, ауыл шаруашылығы техникаларына көрсетілетін қызметтер, мекенжай тіркелімі, жер қатынастары, әлеуметтік  және кәсіпкерлікті қолдау салалары бойынша қызметтер көрсетілуде. Бұдан бөлек, бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала, аудандарда халық саны ең көп 1 (бір) ауылдық округтен «Сервистік әкімдік» ашу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Еститін мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс орталығы Түркістан қаласынан екінші Фронт-офис, «Парасаттылық орталығы» ашылды. Бұдан бөлек, Түркістан облысында мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін көздейтін алаң құру мақсатында «Басқармалар үйінен» «Ашық әкімдік» құрылды. Сондай-ақ, халыққа кедергісіз қолайлы ортаны қалыптастыру және мемлекеттік қызметті көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету бағытында Түркістан облысы аумағында 67 мемлекеттік мекеме «Ореn space», 84 мемлекеттік мекеме фронт кеңсе үлгісінде жұмыс жасауда. Жоба мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға айтарлықтай серпін берді.  Халықаралық стандарт бойынша ол кемінде 90%-ға жетуі қажет болса, облысымызда цифрландыру 93%-ға жетіп, осы саладағы тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендетуге өз септігін тигізгені сөзсіз.

Өмірзақ Естайұлы жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясындағы басым бағыттарға тоқталды. Өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес және сыбайлас жемқорлықты алдын-алу мақсатында атқарылған жұмыстардың маңыздылығына мән берді.

«Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесінде негізгі назар аударып жатыр. Оның ішінде нормативтік құжаттарды тексеру, алдын ала.  Жалпы нәтижесі бар.  Барлық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Сыбайлас жемқорлықтың жалпы деңгейі 12 айдың қорытындысы бойынша, алдыңғы жылмен салыстырғанда 33,7%-ға азайып отыр.  Мұның өзі жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Сондықтан осылай жұмысты жалғастыра беру керек. Ең бірінші профилактика,  превенция — алдын алу мәселесі,  түсіндіру жұмысы. Соған көбірек көңіл бөліну керек деп ойлаймын»,-деді облыс әкімі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТЫ БӨЛЕК ЖИНАУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Шымкент қаласында экологиялық жағдайды жақсарту және қалдықты өңдеу жүйесін дамыту жалғасуда. Осы орайда тұрғындар арасында тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мәдениетін...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 500 – ГЕ ЖУЫҚ СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов биыл Жапонияның Нагоя қаласында (19 қыркүйек – 4 қазан) ұйымдастырылатын XX жазғы Азия ойындарына...

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЕЛІМІЗДІҢ ТАСҚЫН ҚАУІПТІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Жалпы еліміздегі су тасқыны жағдайы штаттық режимде өтіп жатыр. Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
27.03.2026
0

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.