• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Сәуір 12, 2021
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістанның 2 бірдей ауылы картада жоқ

07.04.2021
0

Түркістанның 2 бірдей ауылы картада жоқ. Қазақстан картасына енбеген ауылдар ресми түрде Түркістан облысының аумағына кіретін болды, — деп хабарлайды aigak.kz тілшісі. Бұрын соңды беймәлім болып келген бұл олқылықтың орнын толықтыруға енді ғана ұсыныс беріліп отыр екен. 20 жылдан бері құжаттарын түгендей алмай жүрген тұрғындардың мәселесі Үкіметтің қолында.

2001 жылы Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері арасындағы достастық жұмыстарының нәтижесінде Бағыс және Хиебон ауылдары Қазақстанға өткен. Алайда, сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысының картасына енбей қалған. 2021 жылдың 29 наурызы күні өткізілген Сарыағаш ауданы мәслихатының сессия отырысында  депутаттардың шешімімен Түркістан облыстық мәслихатына ұсыныс беріледі. Мәселе Бағыс және Хиебон елдімекендерін Түркістан облысының аумағына ресми түрде енгізу. Осыған байланысты 7 сәуірде Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтіп, депутаттар мәселені бірауыздан қолдады. Сарыағаш ауданының шекарасын бекіту Үкіметке ұсынылды. Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өткен Бағыс ауылы Сарыағаш ауданының Ақжар ауылдық округіне және Хиебон ауылы Құркелес ауылдық округіне енеді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжановтың Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Бағыс ауылына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өткізілген мәжілістің хаттамасына сәйкес Бағыс, Хиебон елді мекенін Сарыағаш ауданы құрамына енгізу жөніндегі жұмыс тәртібі бекітілген. Осы бекітілген жұмыс тәртібімен Бағыс, Хиебон елді мекендері орналасқан аумағына  шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу  тапсырылған. Қазіргі таңда Бағыс, Хиебон елді мекендерінің аумағына шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары дайындалды. Бұл туралы Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысында белгіленген.

Құжаттарға сүйенсек, Бағыс елдімекенінің жер аумағы 750 га құрайды. 244 тұрғын үйі бар, 4 бірдей әлеуметтік нысан жұмыс жасайды.

Ал Хиебон ауылының аумағы 45,62 га. Құжаты рәсімделмеген 23 тұрғын үй бар.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БЕЛГІЛІ АРХИТЕКТОР БАҚЫТЖАН ӘШІРБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ

БЕЛГІЛІ АРХИТЕКТОР БАҚЫТЖАН ӘШІРБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ

Айғақ медиа
11.04.2021
0

Есімі тек Шымкентке ғана емес, республикаға белгілі сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бақытжан Әшірбаев мезгілсіз өмірден өтті. Бақытжан Әшірбаев тек сәулет...

ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ «КЕРУЕН-САРАЙ» ТУРИСТІК КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
11.04.2021
0

10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті. Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City»...

Ашаршылыққа қарсы көтеріліс ұйымдастырғандар жайлы білеріміз аз – Берік Әбдіғалиұлы

Ашаршылыққа қарсы көтеріліс ұйымдастырғандар жайлы білеріміз аз – Берік Әбдіғалиұлы

Айғақ медиа
10.04.2021
0

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының жұмысы туралы брифингі барысында...

МАМИН МЕН АРИПОВ ҚОС ЕЛДІҢ БІРЛЕСЕКЕН ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

МАМИН МЕН АРИПОВ ҚОС ЕЛДІҢ БІРЛЕСЕКЕН ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
10.04.2021
0

Бүгін Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Жібек Жолы» өткізу пункті маңында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов келіссөз жүргізіп, «Орталық...

БӘЙДІБЕК БИ — АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДА ЖОЛАЙРЫҚ САЛЫНАДЫ

БӘЙДІБЕК БИ — АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДА ЖОЛАЙРЫҚ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
10.04.2021
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар жол нысандарының құрылыс барысын аралап көрді. Шаһар басшысы алдымен Бәйдібек би даңғылы мен...

АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 25 СУ КАНАЛЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ

АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 25 СУ КАНАЛЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Айғақ медиа
10.04.2021
0

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына іс-сапары барысында су каналдарын цифрландыру жұмысымен танысты. Пилоттық жоба...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

Қазақстанда электр энергиясы 1 сәуірден бастап қымбаттайды

Қазақстанда электр энергиясы 1 сәуірден бастап қымбаттайды

Айғақ медиа
30.03.2021
0

Қазақстанда 1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері орта есеппен 15 пайызға артады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов...

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Айғақ медиа
12.08.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/08/33.pdf

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №32 (05.08.2020)

Айғақ медиа
05.08.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/08/32.pdf

Ресми бөлім №33 (12.08.2020)

Ресми бөлім №31 (29.07.2020)

Айғақ медиа
29.07.2020
0

ЖҮКТЕУ http://aigak.kz/wp-content/uploads/2020/07/31.pdf

№12, 2020 жыл

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.