Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ КӨТЕРГЕНДЕР ЖАЗАЛАНАДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ КӨТЕРГЕНДЕР ЖАЗАЛАНАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.04.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облысында өткен жиында «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз өсірмеу» мәселесі қаралды. Онда облыс әкімдігі мен ірі тауар өндірушілермен: «Яссы құс», «Асан-ата», «Береке» ЖШС-мен меморандумға қол қойды. Оған сәйкес тауар өндірушілер облыстың ішкі нарығындағы бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттатпау жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен өткен мәжіліске ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сауда үйлерінің иелері, наубайхана, базарлардың басшылары қатысты. Жиында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған шекті бағалар бірқатар аудан, қалаларда өскені айтылды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы жұмыртқа өндіруші кәсіпорынның бірі — Кентау қаласына қарасты «Яссы құс» ЖШС-і жыл басында С1 санатты тауық жұмыртқасын 1 данасын 44 теңгеден босатса, бүгінгі таңда бағасы 38 теңгеге төмендегенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, жуық арада қажетті 350 тоннадан астам күнбағыс майы тұрақтандыру қорына сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

    Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктері мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастырумен мереке және демалыс күндері халыққа тиімді бағада жәрмеңке өткізілуде. Бұдан бөлек, Түркістан қаласының аумағында орналасқан 13 әлеуметтік дүкен мен 5 ірі супермаркетте ұн, қант, картоп, сәбіз, пияз, күріш, макарон, тұз арзандатылған бағамен сатылуда.

    2021 жылға егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамдық егіс құрылымына сәйкес, кеш пісетін картоп – 7,1 мың га, қырыққабат – 2,9 мың га, пияз – 2,0 мың га және сәбіз – 1,5 мың га егу жоспарланып отыр. Өндірілген өнім көлемі өңірлік тұрақтандыру қорын толықтыру үшін сатып алынады.

    Ал, облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мәлімдеуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын негізсіз өсірген бірқатар тауар өндірушілерге нұсқамалар таратылды. Нұсқама орындалмаған жағдайда, қолданыстағы заң шеңберінде тергеп-тексеру жұмыстары басталатынын баяндады.

    Облыс әкімінің орынбасары бағаны тұрақтандыру мақсатында «Айналмалы схема» аясында несиелендіру жұмыстарының тым баяу жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, тауарлық интервенция жүргізу, Тұрақтандыру қорында азық- түлік тауарларының қорын қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жеткіліксіз екенін ескертті. Осыған орай, «Айналмалы схема» аясында сауда үйлері мен тауар өндірушілерге несие беру мәселесін одан әрі пысықтауды, апта сайын тұрақты түрде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыруды, азық түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген өндіруші кәсіпорындар мен жеткізіп беруші кәсіпкерлер бойынша нақты жұмыстар атқару туралы тиісті тапсырмалар берді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.