Шымкентте зергерлік бұйымдар шығаратын цехта контрабандалық жолмен алынған алтын құйылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясына Алтынтөбе тұрғын үй алабындағы жағдай туралы жаңа мәлімет түсті. Ондағы тұрғындар құқық қорғау органдарының бірнеше күн бойы зергерлік бұйым шығаратын цехтардың біріне тінту жүргізіп жатқанына наразы.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құқық қорғау органдарының әрекеті заңсыз және ондаған отбасыны табыс көзінсіз қалдырған.