Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Ақын Көктәнді өмірден озды
    Айғақ TV

    Ақын Көктәнді өмірден озды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа06.04.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Көктәнді атты бүркеншік тегімен танымал ақын Әмзе Қалмырзаұлы дүние салды. Сарыағаштың тумасы әдебиеттегі өзінің айрықша жазу стилімен ерекшеленетін талант иесінің бірнеше кітаптары жарық көрген.

    Ол алғашқы еңбек жолын Сарыағаш аудандық «Қызыл ту» (1983–1986), облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеттері (1986–1988) редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінде (1988–1989) әдеби кеңесші болды және жас ақын-жазушылардың республикалық «Игілік» қауымдастығының президенті (1989–1990), 1989 жылы тәуелсіз «Ақтолғай» газетінің, 1991 жылы қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түрікмен тілдеріндегі «Наурыз» газетінің редакторы, «Қасиет» баспасының төрағасы (1991) қызметтерін атқарды. Қазір «Қасиет» баспасында Бас редактор және директор қызметінде. 1983 жылы республикалық «Жігер» фестивалі лауреаттығын («Көкпар» өлеңі үшін), «Гүлдесте» поэмасы 1985 жылы Қазақстан Жазушылар одағының жабық бәйгесін, 1987 жылы Қазақстан Ленин комсомолы және Республикалық кітап саудасы істері жөніндегі комитеті мен «Жалын» баспасы бірігіп жариялаған жабық бәйгесін жеңіп алған. 1998 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық жас ақын-жазушылар кеңесіне Қазақстаннан делегат болып қатысқан.

    «Құбылыс», «Кереметнама», «Он екі таным», «Туысқан», «Теберік дүние», «Аспан мен Даланың төрт ұмытылған тарихы» атты кітаптары, ІІІ томдық шығармалар жинағы жарық көрген.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.