ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА
Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...
Жамбыл облысында қос қуаныш. Наурыз мерекесі қарсаңында Шәкен Ниязбековтің құрметіне «Ту — Тұғыр» ескерткіші бой көтерді. Ескерткіштің ашылуына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Мемориалдық кешен «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» транзиттік автожолының бойында, Тараз қаласының маңындағы, Бұрынғы Бесжылдық ауылының іргесінде салынды. Енді бұл ауыл — Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы Шәкен Ниязбековтің есімімен аталады. Көптен күткен жаңалықты естіген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.
Шәкен Ниязбековтің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында еңсе тіктеген ескерткіштің биіктігі 23 метр. Еске алу мемориалдық кешенінің авторы Жомарт Сәтбайұлы Қонысбаев. Ескерткіштің құрылысына Жамбыл облысының қазынасынан 41 млн. теңге қаржы жұмсалған.
Көк ту – бүкіл ұлттың тәуелсіздігінің белгісі. Мемлекетіміздің мызғымас рәмізі тудың тұғырға қонған сәтін тамашалауға Түркістан облысынан қоғамдық делегация келді. Елбасының курстасы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті металлургі, Түркістан облысының және Шымкент қаласының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері Аманәлі Әбдіраманов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, “Құрмет” , “Парасат” ордендерінің иегері Дулат Әбіш, Төлеби ауданы, №6 жалпы орта мектебінің директоры Ғалымжан Мырзалы бар. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы арнайы ат басын бұрып, қуанышқа ортақтаса келген қауымға алғысын білдірді.
Айғақ-ақпаратШымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...
Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...
Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....
Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...
Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...
Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.