Елімізде коронавирусқа қарсы күресті күшейту, халықты қолдау мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Біз біргеміз!» атты қор құрылған болатын. Осыған сәйкес талай әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттері мен қаржылай көмек көрсетілді. Осы орайда
«Біз біргеміз» акциясы аясында Сайрам ауданында партия белсенділері тарапынан қолдауды қажет ететін 2700-ден астам отбасыға азық-түлік пен қорғаныс құралдары таратылса, 2000 отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Аудан көлемінде 2020 жылдан бастап Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің бастамасымен «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамту, медициналық жәрдем беру, тұрақты жұмысқа орналастыру баспанамен қамту мәселесін демеушілерді тарта отырып шешу қарастырылған.
Сонымен бірге Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық мәслихат депутаты, партия белсендісі Егамбердиева Динара Асылқызы демеушілік танытты. Динара Асылқызы «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Сайрам ауданы бойынша тізімге енген балығы 112 отбасыға азық-түлік өнімдерін тапсырса, аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков игі іске өз алғысын білдірді.