Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
    Айғақ TV

    ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.03.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шілде айында Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданындағы бірнеше елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі. «Қақпақ» автоматты газ бөлу станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған. Газ құбырлары Қызылқия ауыл округіне қарасты Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендері мен Қақпақ ауыл округіне қарасты Заңғар, Қақпақ, Сырлысай ауылдарын, сонымен қатар, Сарыағаш ауданының Бағыс елді мекеніне дейін тартылған, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жалпы 6 елді мекенде 2000-нан астам тұрғын үй, 12 мыңнан астам халық тұрады. Қазығұрт ауданы 73% газбен қамтылған. Екі газ нысанының құрылысы жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында болып, елді мекендерді табиғи газбен қамтамсыз ету жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен кездесті.
    Сапар барысында облыс басшысы Қақпақ ауылдық округіндегі Сырлысай елді мекенінде орналасқан орта мектептің жағдайымен танысты. Ауданда білім сапасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында Сырлысай елді мекенінен 200 орындық мектеп ғимаратын салу жоспарлануда.
    Өмірзақ Шөкеев Сырлысай ауылында орналасқан ет өңдеу цехында болды. Германиялық құрылғымен жабдықталған өндіріс орны тәулігіне 5 тонна ет өнімдерін өндіреді. Мұндағы ірі қара малды бордақылау алаңы 1200 бас малға есептелген. Цехте шұжықтың 12 түрі шығарылады. Алдағы уақытта өндіріс орнын Түркістан қаласынан ашу жоспарлануда.
    Сонымен қатар, Қазығұрт ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі индустриалды аймақта орналасқан майсыздандырылған құрғақ сүт, сары май және ауыз су өндірісінде болып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Облыс әкімі аудан басшысына нақты тапсырмалар беріп, бірқатар міндеттер жүктеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.