• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстанда жанар-жағармай бағасының өсуіне әсер еткен факторлар қандай?

17.03.2021
0

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жанар-жағармай нарығындағы өзгерістер мен бензин бағасының не себепті қымбаттағаны туралы айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Сұйытылған мұнай газының шекті бағасы қалай бекітіледі?

Вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда ай сайын ҚР Энергетика министрлігі «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес елдің ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын жасайды. Бұл ретте осы жоспар электрондық сауда алаңдарынан тыс та, электрондық сауда алаңдары арқылы да қалыптастырылады. Осы жылдың соңына қарай сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы өткізуге толық көшу жоспарлануда.

Бұл осы саланың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институты жойылатын болады.

«Электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газы Министрлік тоқсан сайын бекітетін көтерме шекті баға бойынша босатылады (2021 жылғы 1-тоқсанға баға ҚҚС-сыз 38 701 тг/тонна деңгейінде бекітілді, бұл ретте бағалар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгерген жоқ, ал 2020 жылғы 3-тоқсанға ішкі нарықтағы СМГ-ның көтерме бағасы сұйытылған газға әлемдік бағалардың төмендеуіне байланысты ҚҚС-сыз 28 000 тг/тонна деңгейінде белгіленді)», — деді Мағауов.

Министрлік өкілдері пандемия кезінде Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және Әділет министрлігімен бірлесіп, автогаз құю станцияларында автокөліктерге жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылғанын еске салды. Сол кезде бағаның өсуіне байланысты Бұйрық шыққан болатын. Энергетика вице-министрінің сөзінше, бұл бұйрықтың іске асу мерзіміне қатысты ұсыныстар болған.

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, «Атамекен» ҰКП салалық қауымдастықтармен бірігіп, мемлекеттік органдарға бұйрықтың қолданылу мерзімін анықтау бойынша бірнеше рет ұсыныс жасаған болатын. Іс-әрекеті ұзартылған жағдайда кәсіпкерлерде штат пен қызметкерлердің жалақысын қысқарту қаупі туындады. Тағы бір себеп кей өңірлердегі төмен бағалар газдың басқа жоғары бағамен өзге аймақтарға сатылуына әкеп соқтыруы мүмкін еді», — деді ол.

Осылайша, бұйрыққа сәйкес бірлескен баға туралы бұйрықтың соңғы мерзімі 2021 жылдың 1 наурызына дейін анықталды.

Қазіргі уақытта АГҚС бөлшек сауда бағаларын нарық сұраныс пен ұсыныстарды ескере отырып белгілейді.

Энергетика министрлігі жүргізген сараптама АГҚС-тың қазіргі бағасы пандемияға дейін орта есеппен республика бойынша 5%-ға төмен болған. Демек, ағымдағы нарықтық бағалар бұрын қолданыста болған бағадан да төмен.

Сонымен бірге, уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді алып тастағанның өзінде, Кәсіпкерлік кодексте көзделген құзырет шеңберінде монополияға қарсы орган монополияға қарсы ден қою шараларын, оның ішінде:

— үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау бойынша;

— мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың бағасына сараптама жүргізу бойынша;

— Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторингті жүзеге асыру бойынша.

 Жылыту маусымындағы дизель отының бағасы қандай?

Магауов жылыту маусымында дизель отының жеткізу мен мазутты жеткізуге кеңірек тоқталды. Оның дерегінше, 2020-21 жылға бекітілген «Мазутты жеткізу кестесі» бойынша, оның шеңберінде тоннасы 58 000 теңгемен 236,6 мың тонна бөлінді. Ағымдағы жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша 170 мың тонна (71,5%) тиеп жөнелтілді.

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес Министрлік Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп «Көктемгі егін жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды МӨЗ-дерге және ресурс ұстаушыларға бекіту кестесі» бекітілді. Кесте аясында АШТӨ-ге тоннасына 174 000 теңге «ПМХЗ» ЖШС және «ПКОП» ЖШС-ның бағасымен, «АМӨЗ» ЖШС-ның тоннасына 172 000 теңге (FCA шартымен (зауытта)) бағамен 380 мың тонна дизель отыны бөлінді.

«Жеткізуді және басқа да шығындарды ескере отырып, АШТӨ үшін дизель отынынына баға АЖҚС бөлшек сауда бағасынан 13-14% — ға (21-22 теңге/литр) төмен екенін атап өткен жөн. АШТӨ үшін МӨЗ-ден дизель отынын тиеп-жөнелту басым негізде жүзеге асырылады. Бұл ретте тиеп-жөнелтуді бақылау және мониторингтеу тәулік сайынғы негізде жүзеге асырылады», — деді энергетик.

Энергетика министрлігі АШТӨ үшін дизель отынына төмен бағалар бекіте алмайды. Себебі министрлікке бұл құзыреттілік берілмеген.

Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін дизель отынының құны ЖЖМ нарығына қатысушылармен келісім жолымен айқындалады және мұнай өнімдері ресурс ұстаушылардың өздері ерікті түрде белгілейді.

Жыл басталғалы үш айдың ішінде 11,3 мың тонна тиеп-жөнелтілді.

Автокөліктерге жанар-жағармай құю станцияларындағы бензин бағасы қандай?

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында жанар-жағармай бағасы нарықпен реттеледі. Яғни сұраныс пен ұсыныс негізге алынады. Сонымен қатар елде жанар-жағармайға баға мұнайдың әлемдік бағасына тәуелді емес.

Энергетика вице-министрі Мағауов жанар-жағармай бағасына әсер ететін факторларды атады.

Қазақстандағы мұнай құны (ішкі бағалар), процессинг (мұнай өңдеу қызметі), салықтар мен акциздер, зертханалық сынақтар мен қоспалар бойынша шығындар, банктік қарыздарға қызмет көрсету, цистерналарды беру-жинау, тауарды тасымалдау және басқа да ілеспе шығындар бензин бағасына әсер етеді. Осы орайда, мұнайдың құнына оның әрбір түрінің үлес салмағы алынатынын, ол оның нарықтық құнына және мұнайдың бір тоннасынан өндіру үлесіне байланысты екенін айтқым келеді», — деді ол.

Тұтынушылар үшін түпкілікті баға мұнай өнімінің көтерме құны, АЖҚС-қа дейінгі барлық көлік шығындары, мұнай базаларында сақтау, бөлшек саудада өткізушінің шығыстары, сондай-ақ акциздер мен салықтар негізінде қалыптасады.

Бөлшек саудадағы  бағалар

Қазақстан Республикасы

Қырғыз Республикасы

Өзбекстан Республикасы

Ресей Федерациясы

Баға

Баға

Пайызға жоғары

Баға

Пайызға жоғары

Баға

Пайызға жоғары

Аи-92

160

185

16%

261

63%

255

59%

Дизель отыны

185

185

0%

275

49%

266

44%

Жанар-жағармай құю станцияларында бензин неге қымбаттады?

Мұнай өнімдерінің бағасы әлем экономикасына байланысты құбылып отырады. Соған сәйкес жанар-жағармай бағасына бірнеше фактор әсер етеді. Олар:

— шекаралас мемлекеттер мен ҚР ішкі нарығында ЖЖМ-ға баға белгілеу және қамтамасыз ету факторлары,

— көрші елдермен шекаралас облыстарда ЖЖМ-ға баға белгілеу (бақыланбайтын ағын).

«Бұл жағдайлар мұнай өнімдеріне баға «тепе-теңдігін» үнемі іздеуді талап етеді. Басқаша айтқанда, біздің елде бензин бағасы шекаралас мемлекеттердегі бағадан айтарлықтай төмен немесе айтарлықтай жоғары болмауы тиіс. Ішкі нарықтағы бағалар төмен болған жағдайда отандық өнімнің шекаралас мемлекеттер нарығына ағылуына байланысты тапшылық қаупі туындайды, ал бағалар жоғары болған жағдайда импорттық бензиннің профициті және осының салдарынан қазақстандық қоймалардың отандық отынмен толып кетуі және кейіннен ҚР МӨЗ-де қайта өңдеу көлемінің төмендеуі болуы мүмкін», — деп түсіндірді ол.

Осы жылдың үш айының қорытындысы бойынша мұнай өнімдерінің жиынтық қоры қолайлы деңгейде.

«Бензин бойынша 218,7 мың тонна, бұл елдің 20 тәуліктік қажеттілігін қамтуға жеткілікті, ал дизель отыны бойынша 306,2 мың тонна, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін 28 тәулікке қамтамасыз етеді», — деді ол өз баяндамасында.

Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдаевтің айтуынша, ол жүргізген мұнай-газ, энергетика тақырыптары бойынша көптеген талдауларында мұнай бағасының көтерілуіне қатысты түсініктемелер бар.

«Қазіргі өсім мұнайдың әлемдік бағасының көтерілуімен тұспа-тұс келді, бұл «міне, әлемдік бағалар көтерілді, ал сіздер бензин бағасын көтеріп жатырсыздар» деген жаңсақ пікір қалыптастырды. Нарықтық экономика кезіндегі бағалар бір жыл бұрын өсуі керек еді, бірақ бұл тұтынудың төмендеуіне байланысты 2020 жылдың қаңтарынан бастап қайта өңдеуге арналған акциздердің өсуіне қарамастан болған жоқ», — деді ол.

Әлемде мұнай бағасы төмендегенде, Қазақстанда бензин неге арзандамайды?

 Сарапшы әлемде мұнай бағасы төмендеген кезде, Қазақстанда бензин арзандауы тиіс деген пікірге жауап берді. Оның айтуынша, нарықтағы бағалар бұрыннан бері «субсидияланған» және олар әлемдік бағадан едәуір төмен.

«Баға көтерілгенге дейін біз әлемдегі ең арзан бензин бойынша 7-орында болдық, ал қазір әлем бойынша 8-9-орында тұрмыз (бензиннің әлемдік бағалары көрсетілген слайд, ең арзан және ең қымбат бағалардың таңдауы). Әрине, мұндай сандар әрқашан ҚР-да көптеген сұрақтар мен сындар тудырады. Мұнай өндірудің өзіндік құны бар — оны мұнай компаниялары өндіреді. МӨЗ-ге дейін мұнай тасымалдау бар және МӨЗ-де мұнай өңдеу бар. Сондай-ақ, дайын мұнай өнімдерін АҚС желілеріне дейін жеткізу қажет. Әрине, АҚС-тің өзіндік шығындары да бар. Айта кететін жайт, АҚС бөлшек сауда желілерінің маржасы/таза пайдасы бұрын 3-5 теңге болған, қазір ауданда литріне 1-3 теңге», — деді ол.

Қазақстанда мұнай, көптеген басқа түрлер сияқты, әр түрлі сапа мен басқа да экономикалық себептерге байланысты осы санға жеңілдікпен сатылады. Бұл мұнайдың эталондық сорты, біздің мұнай басқа да көптеген түрлер сияқты, бұл сапаға және басқа да экономикалық себептерге байланысты дисконтпен/жеңілдікпен сатылады. Орташа диксонт барреліне шамамен 3 долларды құрайды. Яғни, бүгінде әлемдік баға $67 деңгейінде қалыптасты, біздің мұнай шамамен 64 доллар немесе барреліне 27 200 теңге бағасымен саудаланады/сатып алынады. Бір баррельде 160 литр, бұл көлем өлшемі. 27 200-ді 160-қа бөлсек, 170 теңгеден аламыз. Бұл 1 литр мұнайдың әлемдік бағасы. Енді Қазақстандағы бензиннің ағымдағы бағасын еске түсірер болсақ — шамамен 160 теңге.

«Яғни, Қазақстанда бензин шикі мұнайдың бағасынан арзан тұрады Қазіргі уақытта мұнай өндіруші компаниялар шикі мұнайды ішкі нарыққа тоннасына шамамен 100 мың теңге бағамен жеткізеді – бұл $235, барреліне шамамен $32 немесе 1 литріне шамамен 86 теңге. Бұл әлемдік бағадан 2 есе төмен», — деп сендірді ол.

Ресми деректерге сүйенсек, 2020 жылы Қазақстанда мұнай өңдеу 15,8 млн тоннаны құрады. Ал қазіргі таңда біз 100% қазақстандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде. Жанар-жағармайдың ішкі нарығы әлеуметтік бағытта болған және солай болып қала береді.

«Егер 15,8 млн тоннаны $32-ге көбейтсек (әлемдік баға мен ішкі нарық арасындағы айырмашылық), онда біз $3,7 млрд доллар сомасын аламыз. Бұл айырмашылық — әлемдік және ішкі нарық арасындағы осындай баға айырмашылығына байланысты мұнай өндіруші компаниялардың толық ала алмаған түсімі. Қазақстанда бағалар әрдайым әлемдік бағадан төмен болды. Бұл сомаға көлік шығындары, баждар және т.б. кіреді, өйткені бұл мұнай әлі де әлемдік және еуропалық нарықтарға жеткізілуі қажет. Бірақ тұтастай алғанда, біздің ішкі нарығымызды мұнай компаниялары жылына шамамен $2 млрд-қа «субсидиялаған». Осы алынбаған табыстың шамамен $1 млрд-ы ҚазМұнайГаз-ға тиесілі», — деді ол.

Қорыта айтқанда, ҚР энергетика министрлігінің өкілдері айтқандай, бензин, дизель, газ, электр энергиясы бағасының өсуі әлемдік үрдістің бір бөлігі болып табылады. Біз әлемдік экономиканың бір бөлігіміз және одан ешқайда кете алмаймыз. Сарапшылардың түсіндіруінше, ішкі нарықтағы бағалар әрдайым «субсидияланған». Ұзақ уақыт бойы бағалар нақты өзіндік құннан төмен. Қазақстандық бензин литрі әлемдегі шикі мұнайға қарағанда арзан, ал бағалар жаһандық тенденция болғандықтан өсуін жалғастыра береді.

Дереккөз: https://strategy2050.kz сайтынан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.