Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдегі эпид ахуал бойынша атқарылған жұмыстарға күнделікті мониторинг жүргізіп, тиісті сала өкілдерімен тығыз байланыс жасап отыр, — деп хабарлайды Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері өңірде эпидемиологиялық жағдай төмендеген. Мәселен, қаңтар, ақпан айларында короновируспен ауырғандар 58% азайса, наурыз айының алғашқы аптасында да тұрақтылық байқалып отыр. 9 наурызға дейін облыста 659 жағдай тіркелді. Ал, 4204 азамат індеттен айыққан. Облыста 9 полимеразды тізбекті реакция зертханалары жұмыс істейді. 2020 жылдан бері ол жерде 531855 адам тексеруден өтіп, 4334 азаматтан оң нәтиже көрсетілген. Сонымен қатар, облыста пневмонияға шалдығушылар саны да 25% азайып отыр.
Түркістан облысы еліміз бойынша жасыл аймақта тұр. Өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың 3-ші наурыз күні №2 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы шыққан болатын. Онда кәсіпкерлік объектілердің жұмыс жасау уақыты ұзарып, карантиндік шектеулер жеңілдетілген. Дегенмен, мамандар өңір тұрғындарын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Көпшілік жиі шоғырланатын жерлерде әлеуметтік қашықтық пен маскалық тәртіп сақталуы керек екендігін ескертеді.