Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛУДА
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛУДА

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.03.2021Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бәйдібек ауданына қарасты Тасқұдық және Боралдай ауылдарына газ берілді. Екі ауылда 600-ден астам отбасы тұрады. Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Түркістан облысының кешенді даму бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін Бәйдібек ауданындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үлесін  92,3%-ға жеткізу  көзделіп отыр, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Тәуелсіздігіміз туын тіккен жылдардан бері елімізде, оның ішінде біздің ауданда көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынып, ел игілігіне пайдалануға берілуде. Соның бірі – Тасқұдық пен Боралдай елді мекендерінде жүзеге асып отыр. Бүгін міне, қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз», – деді ол.

    Айта кетейік,  Бәйдібек ауданына 2015 жылы «Бейнеу – Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, қараша айында көгілдір отынның алауы жағылып, аудан орталығы Шаянға газ берілген болатын. Өткен жылдың соңында екі елді мекен табиғи газға қосылды. Бүгінгі Тасқұдық пен Боралдайды қосқанда қазіргі таңда аудандағы 10 ауыл табиғи газды тұтынып отыр.

    Қазіргі таңда 6 елді мекеннің  ішкі газ жүйелерінің құрылысы аяқталған. Бір елді мекенге жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталғаннан соң тағы жеті елді мекенге табиғи газ беріледі деп күтілуде. Одан бөлек, 13 елді мекеннің ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Және де 8 елді мекеннің сәулеттік жоспарлау тапсырмалары әзірленуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.