Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Жанар Темірбекова Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры
    Айғақ TV

    Жанар Темірбекова Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.03.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры қызметіне Жанар Амангелдіқызы Темірбекова тағайындалды. Жанар Амангелдіқызын ХҚТУ ұжымына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы таныстырды.
    Аталған жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, ректор өкілі Женгиз Томар мен университет ұжымы қатысты.
    Университет ректоры Жанар Амангелдіқызы өз сөзін, Ұлы баба Ахмет Ясауидің хикметінен бастады және де өзіне жүктелген жаңа қызметтің жауапкершілігін терең сезінетінін жеткізді. Ендігі жерде Елбасымыз ашып берген университеттің ең негізгі міндеті қазақ елі мен бүкіл түркі әлеміне қызмет ететін білімді, салауатты, отансүйгіш, әрі жаңа ғасырдың талаптарына сай мамандарды даярлау екендігін айтты. Сонымен қатар, бабамыздың атымен аталатын оқу ордасының қызметшілері ретінде қазақ ұлтының рухын жаңғыртып, Қазақстан деп аталатын отанымызды дамытып асқақтатуды маңызды міндет ретінде санайтындығын жеткізді.

    «Мәдениет пен өркениеттің негізі болған университет білім арқылы терең біліктен туындайтын ынтымағымен жастарды әлпештеп, мәпелеп, тәуелсіз елдің мәңгі болашағын қазірден қалыптастырушы, қоғамға үлгі болатын қасиетті мекеме . Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халық үніне құлақ асатын үкімет» тұжырымдамасын қабылдаған еді, мен де өз кезегімде осы тұжырымдамадан шабыт алып, «Халық үніне құлақ асатын университет» концепсиясын бірге қалыптастыруды қолға аламын», – деді жаңа ректор.
    Жанар Амангелдіқызы Темірбекова, Түркияның алдыңғы қатарлы Хаджетепе университетінің инженерлік факультетін бітіріп, аталмыш оқу орнының Менеджмент мамандығы бойынша магистратура бағдарламасында білім алды.
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантура оқып, сол жерде кандидаттық диссертациясын қорғады. Экономика ғылымдарының кандидаты.
    Жанар Амангелдіқызы, Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің Анкара қаласындағы Өкілетті Кеңесінде қызмет атқарған. Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ сынды халықаралық ұйымдарда да еңбек еткен тәжірибелі маман.
    Қазақтанда Алматы қаласындағы КИМЭП, КБТУ және СДУ сынды бірнеше маңызды оқу орындарында сабақ беріп, басшылық етті.
    Еуразия технологиялық университетінің ректоры лауазымында да абыроймен қызмет атқарды.
    Сонымен қатар, Алматы менеджмент университеті Президентінің кеңесшісі болды.
    – Н.Назарбаев қорының Ғылым және техника саласындағы сыйлықтың лауреаты (2012);
    – БҒМ «ЖОО ең үздік оқытушысы» грантының иегері (2013);
    – Халықаралық ғылыми журналдар мен монографиялармен қоса 40-тан астам ғылыми еңбегі бар. H indeksi: 5; i10:2, сілтемелер индексі : 235;
    – The International Journal of Entrepreneurship and Innovation; African Journal оf Business and Management; Gaziantep University Journal of Social Sciences халықаралық академиялық журналдарында рефери;
    – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры Ғылым кеңесінің мүшесі;
    – АҚШ-тағы Халықаралық Көшбасшылық Ұйымының мүшесі.
    – Халықаралық аналитикалық орталық Тиллотома қорының құрметті мүшесі (Science and Education Policy Group).
    Қазақ тілі – ана тілі, сонымен қатар орыс, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.