8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында үшем дүниеге келді. №1 облыстық перинаталдық орталықта 34 жасар Сарыағаш ауданының тұрғыны Лаура Тұрабекова Сания, Жания және Рабия есімді үш қыз босанған. Екі ұл мен екі қызына тағы үш қызы қосылып, алтын алқа иегері атанған ананың қуанышы еселеніп отыр. Қазір сәбилердің денсаулығы жақсы дейді дәрігерлер.
Орталықта 2 айдың көлемінде 1600 ге тарта сәби дүниеге келіпті. №1 Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Рахима Налибаева көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 150 нәрестеге артық екенін айтады. Ал мереке күні 13 ана босанған. Осындай айтулы күні қуанышқа кенелген аналарға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен ерекше сый жасалды.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов пен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов облыс әкімінің атынан аналарды құттықтап, құрмет көрсетті.