Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Қазақстанда азық-түлік неге қымбаттады? Сауда министрлігі жауап берді
    Айғақ TV

    Қазақстанда азық-түлік неге қымбаттады? Сауда министрлігі жауап берді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.03.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

       Қазақстанда азық-түлік неге қымбаттағаны айтылды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов көбіне импортқа тәуелді өнімдер, экспорттық сұранысы жоғары тауарлар мен маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністер бағасы өскенін атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    «23 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік туарлары бағасының өсімі 2,4 пайыз болды. Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағасы өсім көрсетті», — деді министр.

    Бақыт Сұлтановтың айтуынша, азық-түлік тауарларының бағасы өндірісі мен тұтыну теңгеріміне ғана емес, сондай-ақ импортталатын және экспортқа жіберілетін өнімнің үлесіне де байланысты. Бұл сыртқы нарықтағы бағаны ішкі саудаға әкеледі.

    «Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік атқарушы органдармен бірлесіп, импортқа тәуелді тауарлар бойынша ғана емес, сондай-ақ экспорттың жоғары үлесі байқалатын өнімдер бойынша да өндірісті барынша ұлғайтуы қажет», — деді ол.

    Сондай-ақ, тұрақтандыру қорлардың қоры жеткіліксіз, яғни 3,7 миллиард теңгеге 25,4 мың тонна қалыптасқан. Олардың интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2-1,4 пайызы. Айтуынша, бұл бағаға іс жүзінде тиісті әсер етпейді де.

    «Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың (56,9 пайыз), қарақұмық жармасының (40,0 пайыз), күнбағыс майының (31,1 пайыз) және жұмыртқаның (17,5 пайыз) бағалары едәуір өсті.

    Бұл ретте жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды. Тұрақтандыру қорларын тек тәуекелі жоғары импортқа тәуелді тауарларға ғана қаражат пен күш-жігерді шоғырландыру арқылы қайта қарау қажет», — деді министр.

    Ведомство басшысы нарықтық құралдар өзінің тиімді екенін көрсеткенін айтты. Бұл форвардтық сатып алу және «айналым схемасы».

    «Бүгінгі таңға жергілікті бюджеттерден 21,9 миллиард теңге бөлінді. Механизм тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды «қолымен басқару» режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 миллиард теңгеге дейін ұлғайту керек.Сондай-ақ өндірушілер бойынша нақты болжам жасау және жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлер мен тауарларға шағып отырып мемлекеттік қолдау шараларына қарсы міндеттемелерді белгілеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет.Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру бойынша өңірлердің жауапкершілігін атап өткен жөн.Олардың жұмысын талдау қорытындысы бойынша министрлік 1-тоқсанда атқарылған жұмыс туралы ақпарат енгізеді және шаралардың нақты нәтижелері болмаған жағдайда біз әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарларын жауапқа тарту туралы мәселеге бастамашы боламыз», — деді Сұлтанов.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.