Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА  ЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА 20 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ ҚАРАЛДЫ
    Айғақ TV

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА  ЖОЛ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА 20 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ ҚАРАЛДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.03.2021Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жыл қорытындысымен Түркістан облысында 828 нысан не 1,5 мың шақырымнан астам жол мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ауқымды жұмыстар биыл да жалғасуда. 2021 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 81,4%-ға арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды.Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 637 шақырымды құрайды. Былтыр автомобиль жолдарын дамытуға бюджеттен  54,8 млрд. теңге бөлінген. Облыс жолдары жайлы баяндаған Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтың айтуынша, биыл жол саласын дамытуға бюджеттен 19,9 млрд. теңге қаралуда. 156 нысан немесе 538  шақырым жолдар мен елді мекен көшелері қамтылады деп жоспарланған. Биыл Түркістан қаласындағы әуежайға баратын автомобиль жолын, Түркістан-Кентау, Түркістан-Балтакөл, Кентау-Ащысай, Шымкент-Ақсукент, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Сайрам, Шарапхана-Жаңабазар бағыттарындағы жолдар пайдалануға берілмек. Бұдан өзге, Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңарту жұмыстарын аяқтау көзделуде. Сәуір айында Түркістан қаласындағы жаңадан салынған әуежайға баратын 16,3 шақырым жол пайдалануға  беріледі. Түркістан-Кентау бағытындағы ұзындығы 19 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде аяқжол, веложол, жарықтандыру  қарастырылған. Бұдан басқа Түркістан қаласына Кентау қаласынан кіреберіс 26,6 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталды. Ал, Түркістан-Балтакөл, Түркістан-Қарнақ-Кентау, Кентау-Ащысай бағыттарындағы 113,2 шақырым автомобиль жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізілуде. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталатын болады. Шардара-Темірлан бағытындағы жалпы ұзындығы  162,6 шақырым жолдарға күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр.

    Шымкент-Ақсукент, Ақсукент-Қарамұрт, Шымкент-Көксәйек бағыттарындағы 50 шақырымнан асатын күре жолдар жөндеуден өткізілуде. Жыл соңына дейін жұмыстар толық аяқталып, халық игілігіне беріледі. Ал, Мақтаарал, Жетісай, Келес аудандары аумағында ұзындығы 50 шақырымға жуық жолдар жөнделуде. Одан бөлек, осы ауданда жалпы ұзындығы 184,6 шақырымды құрайтын  11 облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жаңартылып жатыр. Бұл жолдар қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз  қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.